12 маусым 2023 10:58

Өртсөндірушілер қайта оралды. Өрт Абай облысындағы тағы бір ауылға жақындап келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Абай облысында 60 мың гектардан астам аумақта 14 адам қаза тапқан орман өрті сейілмей тұр. Апат аймағынан жергілікті ауылдардың тұрғындары эвакуацияланды. 10 маусымнан бері Tengrinews.kz тілшілері оқиға аумағында жүр.


Абай облысында 60 мың гектардан астам аумақта 14 адам қаза тапқан орман өрті сейілмей тұр. Апат аймағынан жергілікті ауылдардың тұрғындары эвакуацияланды. 10 маусымнан бері Tengrinews.kz тілшілері оқиға аумағында жүр.

Тілшілер өрт болған ошақтарды аралап қайтты. Барлық жедел штабтарда болды. Бұл жағдай олардың бақылауында болған. Өртсөндірушілер өрттің ауыздықталғанын мәлімдеді.

Бірақ кейінірек әлеуметтік желілерде Талица ауылының маңындағы өрт туралы ақпарат пайда болды.

Тілшілер түтін шығып жатқан аумаққа барды.

Ауылға жақындаған сайын қарама-қарсы бағытта келе жатқан көліктерді көрген. Көлік жүргізушісі оларды эвакуацияланып жатқан ауыл тұрғындары деп ойлаған.

"Шамасы олар ауылдарын тастап, қалаға - қауіпсіз жерге кетіп бара жатыр", - деді көлік жүргізушісі.

Жүргізушінің айтуынша, әдетте ауыл шетіндегі осынау қарама-қарсы жолда осыншалықты көп көлік болмайды.

Ауылға өрт сөндіру көліктері барды. Олардың кейбіреулері қалаға су толтыруға кеткен.

Өрт сөндіру көліктерімен бірге полицейлер де жүрген. Шамасы, жағдай күрделі.

Түтін эпицентріне жақындағанда өртсөндірушілер оларды бірнеше рет тоқтатып, кетуін өтінген.

Оларға одан ары бармау керегін, үлкен тәуекелге бет бұрып жатқандарын ескерткен. Бірақ тілшілер ары қарай жалғастыруды шешкен.

Жол тар, өртсөндірушілер сол жолмен ауылға барды. Олар суға қарай барған. Мүмкіндігінше жолға кедергі жасамауларын сұраған. Олар айтылғандардың барлығын жасаған.

Қараңғы түсіп кетуіне байланысты олар өрт ошағына жете алмаған. Сол жерде жанып жатқан өрт пен түтіннің иісін сезген. тілшілер қою тұманның ішінде жүрді. 

Сәлден кейін тілшілер штабты байқаған. Бірнеше күннен бері Абай облысында жүрген тілшілер бірнеше жедел штабты көрген.   

Өртсөндірушілер де сол штабта демалып, кейін жұмысқа кеткен.

Әлбетте құтқарушыларға тамақ әзірлейтін сұлу апайлар да болған.

Әрине, бұл жер аздап шашылып жатыр. Өртсөндірушілер келіп, кетеді. Біреу киім ауыстырады, біреу тынығады. Біреу өрт сөндіруге бара жатыр. Бірақ құтқарушы жігіттер осы.

Олар штаб-пәтерге жақын жерде өртті байқаған. Бірақ өртсөндірушілер тілшілерді өздерімен бірге алып кетуден бас тартқан. Ол аймақ тым қауіпті болған.

"Ол жерде қауіпті, ол жерден көлік өте алмайды", - деген өртсөндірушілер.

Құтқарушылардың жауаптары оларды қанағаттандырмаған. Көкжиекте орман жанып тұрған. Ашық қызғылт, сары түсті от байқалған.

Олар жақындап, жалындарды көріп, ағаштардың сықырлап жанғанын естіген.

Ағаштардың құлағанын, олардың сықырлағанын, гүрілдегенін естіген.

Шамасы аптап бәрін құрғатып жіберген.

Біздің көрікті ормандарымыз жанып жатыр.

Өрттің ауқымы өте қорқынышты.

Ол жерде бәрі жанып жатқан сияқты.

Суреттер: Тұрар Қазанғапов

Мәтінін жазған: Рабиға Дүйсенғұлова

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети