12 наурыз 2014 17:03

Қазақ сәулет өнері қашан дамиды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мансұр ХАМИТ (фото) Мансұр ХАМИТ (фото)

 Сәні мен салтанаты келіскен зәулім ғимараттарды салудан кейбір мемлекеттерден үйренетініміз аз емес. Әлемнің бірқатар елдері қазіргі заманға сай тұрғын үйлер мен өзге де дүниелерді салуда кісі қызығатын деңгейге көтеріліп кетті. Тіпті төбесі зеңгір көкке тиіп тұрған ғимараттар да қолы алтын архитектордың қиялынан туған дүниелер емес пе? Соларды көргенде, еріксіз ойға қалып, біздің еліміз осындай жетістікке қалай қол соза алады деп ойға кетеміз. Шынында да, біздің бүгінгі талғамға сай зәулім ғимараттар салуға келгенде неге кежегеміз кейін тарта береді? Салқар Сарыарқаның төрінде орын тепкен әсем Астанамыз күннен күнге жасанып, талай адам көз сұқтанып қарайтын әдемі аруға ұқсап келеді. Бұл біздің жүрегімізге жылылық ұялатып, мерейімізді өсіреді. Осылайша еңсеміз биік болып отырған сәтте «Бұл қаланың архиектуралық келбетін кім жасап жатыр» деген сауал көкейге тіреліп, ойымызға маза бермейтіні тағы бар. Расында, қазақтың гүл-гүл жайнаған, әсемдігімен көз тартқан, кескін-келбеті өзгеше елордасының сәулеттік келбетіне кімдер жауап береді? Біз бұл іске белгілі шетелдік сәулетшілер шақырылғанын бәріміз білеміз. "Алаш айнасы" интернет-газетінің тілшісі бұл мәселені де зерттеп көрген еді. 

2002 жылы Астана қаласында ашылып, бас қаланың басты символының біріне айналған «Бәйтерек» монументін ағылшын архитекторы Норман Фостер жасағанын жұртшылық ұмыта қойған жоқ.  Бұл азамат 2000 жылы әлемдегі 100 ұлы сәулетшінің бірі атанды. Осының өзі оның беделі биік екенін аңғартып отыр. Ол жер шарындағы Лондон, Нью-Йорк, Манчестер, Мәскеу, Гонконг пен Берлин секілді шаһарларының шырайын кіргізуге белсене атсалысты. Олардың қатарында әлемдегі ең жас елорданың бірі – Астананың да болуы бізді қуантады. Сондай-ақ, жапон сәулетшісі Кисе Курокава да біздің негізгі ордамыздың бас жоспарын жасауға атсалысты, халықаралық деңгейдегі әуежайдың сәулеттік жобасын жасады. Қысқасы, Астананың сәулеттік келбетінің жақсаруына шетелдік архитекторлардың еңбегі ерекше сіңді деп айта аламыз. Соңғы үлгіде салынып жатқан ғимараттардың дені солардың үлесінде болып жатқаны бізді ойлантады. Сонда қазақтың сәулет өнерінің деңгейі қандай сауал өздігінен туындайды. 
 
Қазір шетелмен байланыс ондай қиындық тудырмайды. Ұшаққа отырсаң, көзді ашып-жұмғандай сәтте барар жеріңе жетіп аласың. Өркениетті елдердің әуежайынан сыртқа шыққаннан бастап, жан-жағыңа еріксіз көз тастап, ондағы сәулеттік өнердің жоғары екеніне бас шайқауға тура келеді. Расын айту керек, біздегідей тек бас қалада емес, көркі көз тартатын ғимараттарды қарапайым шаһарлардан да көруге болады. Әрине, бұл ол өңірлерде архиектор мамандығын иеленген азаматтардың биік деңгейде екенін дәлелдей түсетін дәйек екені белгілі. Ал бізде де құрылыс қарқынды жүріп жатқанымен, жаңағы біз айтқан секілді деңгейде сәулеттік сызбасын әзірлей алатын мамандар тапшы екені байқалады. Өйткені, біздің сәулетшілер өздері дайындаған сызбасын бұрынғыдай етіп дайындай салудан әріге аса алмай жүр. Болмаса, жер-жерде салынып жатқан әрбір ғимараттың сәні мен салтанатын келтіріп, көпшіліктің көзайымына айналатын көрікті ғимараттың бой көтеруіне атсалысар едік қой. Бұл орайда мамандарды шетелде тәжірибеден өткізу басты мәселенің бірі деп айта аламыз. Әрине, ешкім оны өздігінен үйрете қоймайды. Оған қомақты қаржы қажет. Сондықтан бұл орайда ойланатын нәрсеміз баршылық. 
 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети