Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 310.70
EUR / KZT - 348.20
CNY / KZT - 45.10
RUB / KZT - 5.49

Бөксем бөлке нан тауып беріп жүр...

07 Сәуір 2014, 17:24
1
dnepr.relax.com.ua
dnepr.relax.com.ua

Батыста таңсықтығы таусылған, бізде әлі ынтықтығы өрлеу үстінде стриптиз шоулар бүгінде тән тояттандырудың неше атасын қалайтындар үшін таптырмас орын болып тұр. Тізесі көрініп қалса ұяттан өлердей болған ұлттың ұрпағы бүгінде бақанды айналып тұттай жалаңаш билейтін болған. Стриптиз клубтардың алдын бермейтін болған да біздің қаракөздер. Жалаңаштанып билеу арқылы біреудің делебесін қоздырып, көзін тояттанырудың кәнігі шебері болғандар жетіп артылады. Батыстан келген бейәдеп «өнердің» өріне жармасқан бауырларымыз оны қалыпты құбылыстай қабылдайтыны байқалады. Бірер мысал...

1. Қызы әне-міне ұзатылғалы отырған танысымыздың үйіне барғанбыз. Қыдырып. Құда түсудің жөн-жоралғысы жасалып, сырға салу рәсімі де өтіп қойған. Қызу дайындық болып жатыр екен. «Бұл тағы неге дайындық?» дедік. Сөйтсек «девичник» екен. Біздің таңданысымызға таңданған тақылдаған бір қыз: «Әпке, қазір тұрмысқа шығатын қызардың бәрі осылай девичник жасайтын болған. Мұны әрі қыз күнімен қоштасу десе де болады. Бұл өте мәдениетті, сыпайы өткізіліп жатқаны ғой. Кейбіреулер Стриптиз клубтарға барып өткізеді» деді сөзінің аяғын сыбырлай бітіріп. Сосын бетімізге бақжия қарады. «Соны да білмейсің бе, мақау»... дегендей. Бақсақ... бәрі басқаша екен ғой. (Таным-түсінігіміз тас дәуірінде қалып кеткендігі үшін жастардан кешірім өтінеміз). Еліктеу-солықтаудан алдыға қара салмаймыз ғой, мойындау керек мұны. Түрік сериалдарында «девичник», «мальчишник» деп жатады ғой. Бұл соның қазақыландырылған түрі болса керек. Жастарымыз қоштасу кешін Стриптиз клубқа барып өткізетін болса...онда жетіскен екенбіз. Басқаша айтуға келіңкіремейді енді...

2. Жұмыстағы қыз-қырқынның қырылып қалайын деп компьютерге үңілгенінен шошындық. Стриптиз-шоу екен көріп жатқандары. Сол содан таңданыс білдірмей жұмысқа кірісіп кеттік. Кешке тағы «шу» шықты. Бір қыз кеш ұйымдастырып, соған арнайы стриптиз-шоу ұйымдастырып беретін адамды тауыпты. Үй дайын, стриптизер дайын... ендеше... Қыздардың тым дарақыланғаны ұнамады. Сол себептен болар кешке баруға бірден «отказ» жасадық.

Қай дүниеге сұраныс артса, соның көбейетіні рас қой. Бүгінде Стриптиз клубтарыңыздың жарнамасы жау шақырған жалаудай жер жарып тұр. Клиент жинаудың нешетүрлі амал айласын ойлап тауып қойған. Алғашқы келушілерге тегін шақыру билеттерін таратады. Бұл торға көбіне сүрбойдақтар, студенттер ілігеді. Не болмаса шау тартса да шабысынан жаңылмаған желіккендер барады. Бір барған адам тұрақты клиентке айналары сөзсіз. Білетіндер мейрамхана ашқаннан көрі стриптиз клуб ашқан әлдеқайда пайдалы дейді. Онда атағы жер жарған аспаз іздеп әуре болмайсың. Мейрамхана сияқты сәндеп, ақша шығындаудың және қажеті жоқ. Пилонға асылып бар «асылын» көрсетіп жыландай ирелеңдеп билей алатындарды тапсаң болғаны. Осы клубтар қалай торға маталудың амал айласын алдыңызға тосады. Сайттары да бар. Тіпті «девичник» ұйымдастырып беретін арнаулы сценаристері де бар. «Қыз күніммен қалай қоштасамын деп уайымдап жүрсіз бе? Қызметіңізге дайынбыз. Стиптизерлеріміз сіздің көңіліңізді қалауынша көтеріп береді» дейді. «Қаласаңыз үйге шақыртыңыз не болмаса шулы ортаны қаласаңыз клубқа келіңіз. Реніш туындамас үшін күйеужігітті де құлақтандырып қойыңыз» дегенді және ұмытпайды. Еліктеп-солықтауда алдына қара салмайтын қаракөздеріміз мұндайда қарап тұра ма? Әлгіндей «қоштасу кештерін» қызықты өткізуге барын салады.

 

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай