16 мамыр 2022 | 10:59

4 пайыздық автонесиеге өтініш беру басталды. Қазақстандықтар не білуі тиіс?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Бүгін, 16 мамырда жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдау басталды. Tengrinews.kz тілшісі 4 пайызбен несиеге көлік алу үшін не білу керек екенін баяндайды.  


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, 16 мамырда жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдау басталды. Tengrinews.kz тілшісі 4 пайызбен несиеге көлік алу үшін не білу керек екенін баяндайды.  

Қазақстандағы жеңілдетілген автонесие шарттары қандай?

Бағдарлама шарты бойынша, кез келген қазақстандық 4 пайызбен несиеге 10 миллион теңгеден аспайтын бағаға көлік ала алады. Бастапқы жарна 0 пайыздан басталады. Несие 7 жылға дейін қаржыландырылады. Жалпы жеңілдетілген автонесиеге 100 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр. Бұл "ӨКМ Операторы" шотынан алынатын ақша. 

10 миллион теңгеден қымбат көлік таңдауға бола ма?

Бағдарлама бойынша 10 миллион теңгеге дейін несие қарастырылған. Ал көлік 10 миллионнан қымбат болса, 1-2 миллионды өз қалтаңыздан төлеп, несие рәсімдеуге болады. Өте қымбат көліктерге жеңілдетілген автонесие берілмейді. Көлік құралының құны 15 миллион теңгеден аспауы тиіс. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев айтқан. 

Несие кімге және қандай шарттар бойынша беріледі?

Жеңілдетілген автонесиені рәсімдеу үшін Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек. Клиенттің жасы 21-ден асуы қажет. Тұрақты айлық табысы ресми дәлелденуі міндетті. Әрбір екінші деңгейлі банк өз клиентін жеке қарайтынын білген дұрыс. Оның ішінде тұтынушының несие тарихы, табыс көзі және тағы да басқа шарттар міндетті түрде қаралады.

Кезекке қашан тұру керек?

Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейлі банктер белгілі болғаннан кейін, бірден жеңілдетілген несие алуға өтініш жазуыңыз керек. Бұл жылдам бітетін рәсім емес: банк сіздің төлем қабілетіңіз, несие тарихыңызды зерттейді, ай сайынғы табыс және тағы басқалары. 

Бағдарлама бойынша қандай көлік маркалары бар?

Негізі жеңілдетілген автонесие бойынша мына көліктер түседі: Chevrolet, Hyundai, Škoda, JAC, KIA, Lada және Renault. Дегенмен, бұл көліктердің барлық маркасы қолжетімді емес, осының ішінде 10 миллионнан асып кетпейтіні ғана саудада болады. Қазір әлемдік экономикалық ахуалға байланысты көптеген көлік бағдарламадан шығып қалуы мүмкін.

Әзірге 10 миллион теңгеге дейінгі жеңілдікпен автонесиелеудің жаңа бағдарламасы бойынша сатып алуға болатын автокөліктер тізімі мынадай:

Жеңілдетілген автонесиені қанша қазақстандық ала алады? 

Сарапшы әрі Тәуелсіз автомобиль одағының (ТАО) төрағасы Эдуард Эдоков Tengrinews.kz тілшісімен әңгіме барысында орташа статистикалық қазақстандықтың жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысу мүмкіндігін бағалаған болатын.

"Бір қарағанда, бөлінген 100 миллиард ғажайып сома болып көрінуі мүмкін. Шындығында, бір қазақстандыққа орта есеппен 10 миллион теңге бөлінетінін ескерсек, бұл бағдарлама 10 мыңға жуық көлікке ғана жетеді. Қазақстандағы көліктерге деген сұранысқа келер болсақ, былтыр нарықта 120 мың жаңа көлік, оған қоса, менің ойымша, 500-600 мыңдай ескі көлік сатылды. Осы 10 мың көлік қазақстандықтардың көлікке деген нақты сұранысын қанағаттандыра ала ма?", - деген еді сарапшы.

Қарапайым қазақстандықтың мүмкіндігі қандай?

"Күрт тапшылық жағдайында жүз мыңдаған өтініш беруші арасында 10 000 автокөлік "ұтыс тізбегінен" өтуі керек деп айта аламыз. Бұл бағдарлама бойынша автокөліктердің сатылуын болжау мүмкін емес, мұндай жағдайда екінші деңгейдегі банктер бұл кезекте тұрған адамдарды алғашқы он мыңға жақындата бастайды. Қайталап айтамын, 10 мың Алматы үшін өте аз, ал бұл несиелерді бүкіл елге тарату керек. Қандай мүмкіндіктер бар? Менің ойымша, мүмкіндік өте төмен", - деген еді Автомобиль одағының төрағасы Эдуард Эдоков.

Бағдарлама көлікке дефицитті арттырып жібермей ме?

Эдуард Эдоков анонсқа дейін Қазақстанда автосалондарда көлік алуға деген кезек көп болғанын еске салды. Оның ойына, бағдарлама қосылса автокөлік алу одан да қиындай түседі.

"Энергия тасығыштар мен металл бағасының өсуі, электр чиптерінің тапшылығы, логистика мәселелері, пандемиядан кейінгі афтершоктар - мұның бәрі бүкіл әлем бойынша автомобиль өндірісіндегі осы негізгі проблемалардың барлығы ешқайда кеткен жоқ, ал оған енді көліктердің ай сайын бағасы өсіп, тапшы болатыны да қосылады", - дейді ол.

Жеңілдетілген көлік несиесі не үшін керек?

Қаржыгер Нұрмұхамед Маманов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында несиенің бұл түрі ескірген көлік үлесін азайту үшін қажет екенін айтқан.

"Жеңілдетілген автонесие Қазақстан нарығына керек басты механизмдердің бірі екені белгілі. Неге десеңіз, оның арқасында еліміздің көлік нарығындағы бірнеше мәселені оңай шешуге болады. Мысалы, Қазақстандағы 100 көліктің 64-і ескірген, яғни бұл өз кезегінде экологияның нашарлауына және жол апатының көбеюіне әкеліп соғады. Енді осы ескі көліктердің нарықтағы үлесін азайту үшін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы таптырмас мүмкіндік болып тұр", - дейді ол.

Еске салайық, бүгін жеңілдетілген автонесие беру басталуы керек еді. Сол үшін су жаңа көлік алғысы келгендер ұзын-сонар кезекте тұр, бірақ автосалондарда бұл несие шартына сәйкес келетін көліктер жоқ. Банктер де өтінім қабылдауды әлі бастамады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети