16 мамыр 2022 09:54

4 пайыздық автонесие: автосалондарда ұзын-сонар кезек пайда болды

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдау басталғандықтан, Нұр-Сұлтанда автокөлік салондарында ұзын-сонар кезек пайда болды, - деп хабарлайды "Атамекен Business" телеарнасына сілтеме жасап. 


Жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдау басталғандықтан, Нұр-Сұлтанда автокөлік салондарында ұзын-сонар кезек пайда болды, - деп хабарлайды "Атамекен Business" телеарнасына сілтеме жасап. 

Тұран көшесіндегі автосалондарда және Нұр-Сұлтандағы басқа да автосалондарда 50-ге жуық адам кезекте тұр. 

Фото: Tengrinews.kz


Фото: Tengrinews.kz


Фото: Tengrinews.kz


Фото: Tengrinews.kz

Фото: Tengrinews.kz 

 

Телеарна түсірген видеода ондаған адамның салон алдында кезекте тұрғаны көрсетілген. 

"Тұран көшесіндегі KIA салонында сол маркалы көліктер ендігі жоқ, тек JAC қалған. Тұрғындар көршілес тұрған Chevrolet салонына бара жатыр. Адамдар сыртта кезекте тұр. Ішке 10 адамнан кіргізіп жатыр", - делінген телеарна хабарламасында.   

Айта кетейік, бүгін жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдау басталды. Бағдарлама шарты бойынша, кез келген қазақстандық 4 пайызбен несиеге көлік ала алады. Автонесиеге 10 миллион теңгеден аспайтын көлік алуға болады.

Жеңілдетілген автонесиеге 100 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети