Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 341.27
EUR / KZT - 405.60
CNY / KZT - 51.55
RUB / KZT - 5.96

Украинадағы шиеленіс Грузиядағы әділетсіздікті әшкереледі

08 Қыркүйек 2014, 16:38
0

 Украина телеарнасына кеше тікелей эфирден сұхбат берген Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Мәскеуге сенемін деп Грузияға тиесілі аймақтан қалай айырылып қалғанын айтып берді. Сөйтіп ол бүгіндері сепаратистермен ымыраға келісіп жатқан Киевке сақ болуды ескертті. Өз кезегінде «Алаш айнасы» басылымы оқырмандарына осы сұхбаттың қысқаша мәтінін ұсынбақ...

Өткен аптаның басында Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин Украинадағы тұрақсыздыққа нүкте қоятын жеті пункттен тұратын жоспар ұсынған болатын. Ал жұмада Минскіде осы жоспарды талқылаған тараптар Украинадағы атыс-шабысты тоқтату туралы келісімге қол қойды. Алайда ертеңінде-ақ, сенбі күні қос тарап ымыраға келу туралы келісімнің кейбір баптарын бұзды деп бір-біріне айып тақты. Дегенмен бүгін жағдай қайта реттеліп, аталған келісім функциялары іске қосылғандай болды. Міне, кеше «Интер» телеарнасынан тікелей эфирге шыққан Михаил Саакашвилиге, негізінен, осы айтулы оқиға төңірегінде сауалдар қойылды.

Тілші: Жалпы, орыстарға сенуге бола ма? Қазір берілген уәдеге сенуге бола ма? Кезінде Сіздің мемлекет те уәде алды, келісімге отырды, бірақ ол орындалмады. Қазір украиндықтар не ойлауы керек?

М.Саакашвили: Классиктердің олар туралы жазбасы, сол секілді грузин тәжірибесі Путиннің уәдесіне сенім артуға негіз жоқ екенін көрсетеді. Біздің өкінішке толы тәжірибеміз бар. Мәскеуде 1992 жылы Эдуард Шеварднадзе мен Борис Ельцин Грузия-Абхазия шиеленісін реттеу туралы келісімге қол қойды. Мен бұл делегацияға федеральдық қауіпсіздік қызметінің басшысы ретінде қатыстым. Содан бәрін оңынан тындырдық деп Тбилисиге ұшып келдік. Бірақ үш-төрт аптадан соң бүтін солтүстік Абхазия уыстан сусып кете барды. Ресей мен сепаратистер түк болмағандай арадағы келісімшарттың әрбір бабын бұза бастады.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз...


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай