Қазақстан кімге және қанша қарыз?

25 Сәуір 2017, 11:56
0

ҚР Ұлттық банкінің мәліметіне қарағанда, Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы 2016 жылдың желтоқсанында 163,758 миллиард доллар болды. 2016 жылы бұл сома 10,37 миллиардқа немесе 6,7 пайызға өскен. Сыртқы қарыздың көп бөлігі (55,7 пайызы) фирмалар арасындағы қарыздар. Қаржы министрлігінің мәліметіне сенсек, мемлекеттік қарыз 2017 жылдың 1 қаңтарында 11 436,6 миллиард теңге (34,1 миллиард доллар). Tengrinews.kz тілшісі бұл көрсеткіштер қаншалықты үлкен, еліміз кімге қанша қарыз екенін және шетелдер Қазақстанға қанша қарыз екенін түсіндіреді. 

"Альпари" компаниясының сараптамалық департаменті басшысының орынбасары Наталья Мильчакованың айтуынша, Қазақстанның сыртқы қарызын адам басына шақса 8 740 доллардан келеді. Бұл жеке адам үшін қорқынышты көрінгенімен, әлемдік деңгейде қалыпты болып саналады. "Мәселен Ұлыбританияда бұл көрсеткіш адам басына шаққанда 150 мың доллар, Бельгия, Норвегия, Финляндия - 100 мың доллар, ал Ресей үшін - 3,5 мың доллар ғана. Бұл жерде адам саны да маңызды екенін айта кету керек, сондықтан Ресей мен ҚХР үшін сыртқы қарыз адам басына шаққанда аз келеді", - дейді сарапшы. 

Мильчакова қарызды адам басына шағып есептегенімен, бұл ешкімге жеке әсер етпейтінін, бұл билік үшін көрсеткіш екенін және шетелден қарыз алу туралы шешім қабылдаған үкімет үшін экономикалық бөгет болады. Әдетте бұл көрсеткіш көрші елдердің көрсеткіштерімен салыстырылады. Өзге елдермен салыстырғанда қарыз қаншалықты аз болса, оны соғұрлым жылдам қайтару керек болады. 

Сарапшының ойынша, қарыз алушы елдің қаржылық жағдайының түзу екенін көрсететін басқа да көрсеткіш бар - қарыз үлесі, соның ішінде елдің ЖІӨ-дегі сыртқы қарызының үлесі. ЖІӨ-дегі қарыз үлесі аз елдің қарыз төлеу және қарыз алу әлеуеті жоғары. ЖІӨ-дегі қарыз 10-15 пайыз деңгейінде болса, бұл қалыпты саналады. "Қазақстанның қаржы жағдайы қалыпты. Ресей, Бразилия, Оңтүстік Корея, Түркия, ОАР, Израиль, Таиланд, Қытай және өзге де көптеген елдер қаржылық жағдайы қалыптылар қатарында. 

"Ал АҚШ, Испания, Дания, Грекия, Португалия және Еуроодақ елдерінің барлығында дерлік қарыз ЖІӨ-нен бірнеше есе артық", - дейді сарапшы. Мысалы, соңғы мәліметтер бойынша, ЖІӨ-ге қатысты Жапонияның сыртқы қарызы 248,1 пайыз, Грекия - 178,4 пайыз, Ливан - 139,1 пайыз, Италия - 132,6 пайыз, Португалия - 128,8 пайыз, Ямайка - 124,3 пайыз, Кабо-Верде - 119,3 пайыз, Кипр - 108,7 пайыз, Бельгия - 106,3 пайыз, АҚШ - 105,8 пайыз, Испания - 99 пайыз, Ұлыбритания - 89,3 пайыз.

ТМД елдеріне келетін болсақ, Халықаралық экономикалық форум мәліметі бойынша, ЖІӨ-ге қатысты сыртқы қарыз бойынша Украина бірінші орында - 80,2 пайыз, екінші Қырғызстан - 68,8 пайыз, үшінші Армения - 46,6, Молдова - 42, Әзірбайжан - 36,1, Тәжікстан - 35,9, Қазақстан жетінші орында (23,3 пайыз). Бізден кейін Ресей - 17,7 пайыз. Беларусь, Түрікменстан мен Өзбекстан жайлы ақпарат жоқ.

Ал Қазақстан қай елдерге қарыз дегенге келетін болсақ, бұл тізімде Нидерланды елі бірінші тұр. 2016 жылдың төрт тоқсаны бойынша Қазақстан бұл елге 47,3 миллиард теңге қарыз. Ұлыбритания елімізге қарыз беру жағынан екінші тұр, Қазақстан бұл елге 24,6 миллиард теңге қарыз берген. Ары қарай Америкаға - 2,9 миллиард доллар, Кытайға - 12,6 миллиард доллар, Францияға - 11,7 миллиард доллар қарыз.

Ал өз кезегінде шетелдер Қазақстанға 169,4 миллиард доллар қарыз. Олардың ішінде АҚШ - 54,9 миллиард доллар, Нидерланды - 20,5 миллиард доллар, Ұлыбритания - 16 миллиард доллар, Ресей - 7,5 миллиард доллар, Германия - 4,4 миллиард доллар.

Мақала авторы Василина Атоянц
Орыс тілінен аударған Манас Жантекеев


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай