Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 334.32
EUR / KZT - 392.29
CNY / KZT - 50.53
RUB / KZT - 5.63

9 мамырға орай еліміздің әр өңірінде ардагерлерге қандай төлем жасалады?

02 Мамыр, 16:00
0

Tengrinews.kz тілшісі Жеңістің 72 жылдығына орай соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлеріне қандай төлемдер мен сыйлықтар берілетінін анықтады. Мәселен, шығыс өңірде ардагерлерге жарты миллион, ал Астанада - 150 мың теңгеден төлеуге дайын. Мәліметтерді жергілікті атқарушы билік өкілдері ұсынып отыр. 

Алматы әкімдігінің өкілдері мегаполисте Ұлы Отан соғысының 506 ардагері және оларға теңестірілген 4 251 адам барын айтады. Биыл ардагерлерге материалдық көмек ретінде 150 мың теңгеден, ал ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендерге 30 мың теңгеден беріледі. Сонымен қатар, ҰОС кезінде мерт болған немесе із-түссіз жоғалып кеткен әскерилердің 9 жесірі тұрады (олар қайтадан тұрмыс құрмаған). Оларға да 30 мың теңгеден төленеді. 

Астаналық жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы елордада 121 ҰОС ардагері тұрып жатқанын мәлімдеп отыр. Оның ішінде 22 адам - ҰОС мүгедектері. Тылда еңбек еткендер - 3 498 адам. Биыл бір реттік төлем бірнеше категориядағы адамдарға жасалады. Осылайша, ҰОС ардагерлері мен мүгедектері 150 000 мың теңгеден алады. Жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген жандар (кейбір категориядағы тұлғалар) 20 000 теңгеден алады. Тылда еңбек еткендер, фашизм тұтқынында болғандар мен мерт болған әскерилердің жесірлеріне 10 000 теңгеден төленеді. 

Қазақстанның шығыс өңірінде жергілікті билік өкілдері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 500 мың тегеден төлемек ниетте. "Биыл 9 мамырда ҰОС ардагерлері мен мүгедектері ақшалай сыйлық ретінде жарты миллион теңге алады. Төлем көлемі Жеңістің 70 және 71 жылдығында төленген деңгейде. Осылайша, ардагерлер бейбіт уақытта балалары мен немерелеріне көмектесе алады", - деп келтіреді облыс әкімінің баспасөз қызметінің өкілдері Даниал Ахметовтың сөзін. 

Сәуірдің аяғында Шығыс Қазақстанда 231 ҰОС ардагері, 99 мүгедегі және тылда еңбек еткен 26 мыңдай адам тұрып жатқан. Олардың барлығы жыл бойы облыстық бюджет есебінен шипажай жолдамаларымен, компенсаторлық және гигиеналық заттармен қамтамасыз етілген. 

Биыл Павлодарда Жеңіс күнін 90 жастағы және одан жоғары 103 ҰОС ардагері қарсы алады. Оларға былтырғыдай 150 мың теңгеден ақшалай сыйлық және 10 мың теңгеге есептелген азық-түлік пакеті беріледі. 

Жеңістің 72 жылдығына ҰОС ардагерлеріне теңестірілген адамдарға 22 690 теңгеден беріледі. Олардың қатарында Ленинград қоршауында болғандар, концлагер тұтқындары, қаза болған әскерилердің және бейбіт кезде көз жұмған соғыс мүгедектерінің жесірлері, тылдағы еңбегі үшін марапатталғандар бар. 1941-1945 жылдар аралығында алты айдан астам уақыт еңбек еткендер 11 345 теңгеден алады. 

Солтүстік Қазақстан облысында ардагерлерге берілетін төлем екі есеге артты. Осы уақытқа дейін ардагерлерге 100 АЕК (226 900) көлеміндегі ақшалай сыйлық төленсе, бұрын бұл сомма 50 АЕК көлемінде болған. Өңірде 100-ден аса ардагер тұрып жатқанын айтады Петропавлдың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Гүлмира Жәкенқызы. 

Қарағанды облысында 91 ҰОС ардагері бар. Оларға 150 мың теңгеден бір реттік ақшалай сыйлық беріледі. Олардың қатарында Ленинград қоршауында болғандар, концлагер тұтқындары, қаза болған әскерилердің және бейбіт кезде көз жұмған соғыс мүгедектерінің жесірлері, тылдағы еңбегі үшін марапатталғандарға жергілікті бюджеттен жалпы 82 миллион теңге төленеді. 

Ақтөбе облысында ардагерлер 100 мың теңгеден алады. ҰОС ардагерлеріне теңестірілген жандарға 50 мың теңгеден төленеді. ҰОС ардагерлерінің жесірлері 30 мың, концлагерь тұтқындары - 25 мың, ал тылда еңбек еткендерге он мың теңгеден береді. 

Жергілікті билік өкілдерінің ақпараты бойынша, Жамбыл облысында ардагерлерге 150 мыңнан төленеді. ҰОС ардагерлеріне теңестірілген адамдар 30 мыңнан, ал тылда еңбек еткендер 15 мың теңгеден ақшалай сыйлықтар алады.

Мақала авторы Роза Есенқұлова
Қазақ тіліне аударған Манас Жантекеев 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай