Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.17
EUR / KZT - 401.25
CNY / KZT - 51.84
RUB / KZT - 5.31

Сауда орталықтарында төтенше жағдай кезінде не істеу керек? Маман кеңесі

28 Наурыз, 14:08
0

Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова Tengrinews.kz тілшісіне сауда орталықтарында төтенше жағдай кезінде не істеу керек екенін айтып берді.

Сауда орталықтарын­да өрт шыққанда қара­пайым тұрғындар нені есте сақтауы қажет?

-  Сауда орталықтарына келгенде, әрине, Эва­куация жоспарымен танысқан дұрыс болар еді;
-  Эвакуациялық  шығу есіктерінің қай жерде орналасқанын анықтау;
-   Өрт шыққанын байқаса­ңыз, ең бастысы, үре­йге берілмеңіз;
-   Мүмкіндікке қарай ғи­мараттан тезірек шығу жолын қарастыру;
-  "101" өрт сөндіру қызметі­не хабарлау;
-  Ылғалды бет орамалмен (шарф, шапка т.б.) демалуға тырысу кер­ек.

Балаларымен сауда орталығына барғандар ТЖ кезінде қалай әр­екет етуі керек?

-  Балалармен бірге сау­да орталықтарына, са­уда үйлеріне барған кезде ғимараттың (эв­акуациялық шығатын есігі орналасқан эвак­уация жоспарымен) та­нысу абзал;
-  Ғимараттан шығу "ШЫҒ­У" деген жасыл түсті жарықтағы табломен көрсетіліп тұрады. Табло автономды түрде жұмыс істейді, сонд­ықтан егер өрт барыс­ында электр жүйесі ажыратылған болса да табло өшпейді.

Сауда орталықтарын­да өрт немесе басқа да төтенше жағдай кө­бінде қандай себепте­рден болады?

-  төмен сапалы электр жабдықтары орнатылға­ндықтан;
- электр желілерінің артық жүктелуі (шам­адан тыс жүктеу), өрт қауіпсіздігінің са­қталмауы, отшашуды қолдану (ашық от);
-   тамақтану орындарының ашық отпен жұмыс істеуі (кәуап, гриль дайындау);
- электр жүйелерінің шамадан тыс жүктелуі электр сымдарының қысқа тұйықталуы одан ары өрт шығуға себ­еп болады;
-  от шашуды қолдануы;
-  уақытша электр жүйес­ін (ұзартқыш кабельд­ер) сияқты электр же­лілерін пайдалану, яғни кез-келген жабдық тұрақты түрде қосы­луға тиіс;
- электр аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің са­қталмауы (шайнектер, колориферлер және т.б.)
-  сығындыда майдың жин­ақталуы өрттің тарал­уына әкеліп соқтыруы мүмкін

Получить короткую ссылку


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай