04 желтоқсан 2018 16:52

Римде галереясын ашқан қазақстандық қыздың оқиғасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мен Римдегі атақты Piazza di Spagna маңындағы Франческо Криспа көшесінде орналасқан Сәуле Кикимованың шеберханасының алдында тұрамын. Сағат 17.55, ал жиналыс 18.00-ге жоспарланған. Бұл соңғы бес минутты мен толқумен, ынтамен, да Винчи мен Ботичеллидің елінде табысқа жеткен отандасымыз қандай екен деген оймен күтемін.


Мен Римдегі атақты Piazza di Spagna маңындағы Франческо Криспа көшесінде орналасқан Сәуле Кикимованың шеберханасының алдында тұрамын. Сағат 17.55, ал жиналыс 18.00-ге жоспарланған. Бұл соңғы бес минутты мен толқумен, ынтамен, да Винчи мен Ботичеллидің елінде табысқа жеткен отандасымыз қандай екен деген оймен күтемін.

Студия есігі ашылғанда жайбарақат жүретін сымбатты италиялықтар суретшінің туындыларына көзі түсетіндей болды. "Тура сенің алдыңда бір суретке тапсырыс беріп кетті", - дейді Сәуле. - 50 жастағы ер адам кірді. Менің сурет салып жатқаныма қарап, былай дейді: бәрін тура осылай қалаймын, тек картинада әйелім болуы керек. Мен оған: жарайды салып беремін дедім".

Оның шығармашылық энергиясы тамсандырмай қоймайды. Сәуле ашық, қарапайым адам, ол креслоға отыруымды сұрады. "Тоқсаныншы жылдары Фрунзеде (қазір Бішкек) италиялық-америкалық "Шыңғысхан" фильмі түсіріліп жатқан. Мен ол кезде 18-де едім. Анам маған "Түсірілімге бар, бәрібір ештеңе істеп жүрген жоқсың" деген. Сөйтіп бардым, массовкаға түстім", - деп ол Италияға қалай көшіп барғаны туралы әңгімесін бастады.  

Сәуле түсірілім алаңында италиялық басты грим жасаушы адаммен танысқан және жоба аяқталғансоң да екеуі араласуын қоймапты. "Бір-білімізге хат жазатынбыз. Мен сөздікпен отырып шала ағылшынша, французша жазсам,  ол италиян тілінде. Кейін апталап жауап күтетінбіз", - деп еске алды ол. 

Қазақстандық қыз бірнеше ай хат алмасқаннан кейін Италияға бармақшы болады. "Виза жасатқан қалай қиын болғанын білсеңіз! Ата-анаммен Алматыдан Мәскеуге ұштым. Виза алғанша екі жақтан миымызды айналдыра жаздады", - деп баяндады ол. - Біз 1991 жылы маусымда таныстық, 1992 жылдың наурызында Римге ұшып келдім, кейін тұрмыс құрдық. Содан бері 26 жыл осында тұрамын". 

Сәуле оқиғасын баяндап отырғанда көзіме қоладан жасалған, шашы өрілген әйелдің мүсіні түсті. Ол шынымен де шеберханаға кірер жолды әрлеп тұрды. Мен мүсінде бейнеленген Сәуле шығар деп ойладым. 

"Бұл мен, - деді Сәуле мүсінге қызыққанымды байқап. - Жұбайым сыйлады. 20 келі таза қоладан жасалған. Күйеуімнің қолынан келмейтіні жоқ. Суретші, мүсінші және грим жасайды. Маған сурет салуды үйреткен де сол. Бойымда қабілет бар екенін байқап, үйретті". 

Бұл расында да әдемі мүсін болды. Сәнді, ұқыпты жасалған, нақышына келтірілген мүсін шебердің нағыз кәсібилігін көрсетеді.

"Қара, мұндайды казір сирек кездестіресің, - дейді Сәуле азиялық көздер бейнеленген түсі оңған ақ қағазды нұсқап. - Міне, осылай дұрыс бояну керек".

"Кәсіби түрде сурет салмас бұрын, жұбайыммен италиялық фильмнің түсіріліміне қатыстық. Ол грим бойынша директор болды, ал мен оның көмекшісі. Жақсы кезеңдер еді. Кейін фильм түсірілімі тоқтап қалды. Дағдарыс басталды, ол италиялық кинематографта ғана емемс, бүкіл Италияда болды. Кейін екеуміз шағын отбасылық бизнес ашуды жоспарладық. Дүкен аштық, онда картиналарымызды саттық. Ал кейін ол галереяға өсті", - дейді  әйел. 

Галереяда суретшінің авторлық жұмыстарынан бөлек, бейнелеу өнері туындыларының дәл көшірмелерін көруге болады.

"Басында суретшілер қалай үйренеді? Қайталап салады. Техника, стилін қайталайды. Италияда 90-жылдары тіпті falso di autore толқыны пайда болған. Ван Гог немесе Далиға қаражаты жетпейтіндер картинаның көшірмесіне тапсырыс беретін. Әрине, оған көп ақша төлейді. Бірі Рубенсті, екіншісі Караваджоны сұрайтын. Қазір өте танымал Веттрианоның көшірмесін салып жатырмын. Оған барлық жақтан тапсырыс береді. Сонымен қатар өзіме Тамара Лимпицка ұнайды". 

Cәуле өзінің бірнеше сүйікті картиналарын көрсетті. Оның қатарында үлкен қызы Изабелланың портреті бар. Ол қазір өнер мектебінде оқиды және дизайнер оқуына түсу үшін Миланға көшуге дайындалып жүр екен. 

"Ол жыл сайын Алматыға, ата-апасына келеді. Оған қала ұнайды. Әсіресе "Медеу". Ұлдарым да барған, бөлмелерінде Астанада Бәйтеректің жанында, қазақтың ұлттық аспатарымен түскен буклет те бар. Шынымды айтсам, Отанымды сағындым. Бешбармақты сағындым. Мұнда оны әзірлеу қиын және ұзақ. Ал пастаны қайнатып, тұздығын жасап, пармезанмен үстелге қоя саласың". 

Сәуле Кикимованың галлереясы Франческо Криспи көшесінде, Испан баспалдағынан екі аттам жерде орналасқан. Италия азаматшасының Римде тұрып жатқанына 26 жыл толған. Ол үш баланың анасы: қызы Изабелла және ұлдары Алессандро мен Леонардо. Оның картиналарын Римің сәнді қонақүйлерінен кездестіруге болады. Қазіргі уақытта ол жеке көрмесін дайындап жатыр.

"Мына жақтан кетіп Қазақстанға оралып, мәдениетімізден шабыт алып, тұрғындарды суретке түсіріп, олардың бейнесін картиналарыма түсіргім келеді. Жақында Марк Гетти (Лондон ұлттық галереясының директоры) маған "Эдвард Хоппердің техникасын неге қолданбасқа, бірақ қазақ сюжетін саласың?" дейді. Негізі дүрыс айтады. Байқап көру керек. Бұл өмірде барлық нәрсені көру керек".

Материалды дайындаған: Лира Бекболатова

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети