Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Оқы

АЗА ТҰТУ

Қызық әрі пайдалы мақала ✅ АЗА ТҰТУ ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

АЗА ТҰТУ АЗА ТҰТУ

Еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан ішкі істер, әскери саласындағы азаматтарымыз бен бейбіт тұрғындардың қазасына байланысты 10 қаңтарда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды (тиісті Жарлық Ақорда сайтында). Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ бұл шешімі - елді сабырлыққа, имандылыққа, ауызбірлікке шақыру шарасы.

Ықылым заманнан сан қиындық пен сынақты бастан кешірген халқымызды қаңтардағы қара құйын қатты күйзелтті. Төтеннен, бөтеннен келгендерге табалаушы елбұзарлар қосылды. Халықтың жиған-тергені шашылды, ырыс-несібе рәсуа болды, қалаларымызда ойран салынды, қан төгілді. Отан үшін әрбір жанның қазасы қасіретті. Кенеттен қайғы арқалаған отбасылар мен әулеттердің баршасына қайғырып, көңіл айтамыз.
Ұлт ұстазы, ел қайраткері Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ:

"Асықпаңдар!
Артымызда қазы бар,
Тергеп талай сүйектерің қазылар.
Қинамайды абақтыға жапқаны, Қиын емес дарға асқаны, атқаны. Маған ауыр осылардың бәрінен, Өз ауылымның иттері үріп, қапқаны" дегендей, сын сағатта іштен шыққан жауыздық, алауыздық пен арандатушылық елге ауыр тиді.

Әлем назарына іліккен бүлікшілік әрекет Мемлекет басшысынан Конституцияға сай әділеттілікті, салқынқандылықты, жауапкершілікті талап етті. Тиісті батыл қадамдар жасалды және олар жалғасатын болады.
Осындай шиеленісті шақта қиындыққа шыдап, төзген ерді, ер еңбегін сезген елді таныдық.
Иә, бізге қазір сабыр қажет. Сабыр - сенімнің арқауы. Бірлік керек, ол - үміттің, жақсылықтың бастауы. Осындай қайғы-қасіретті терең сезіне отырып, қоғам жауапкершілігін, мейірімі мен ауызбірлігін айрықша айтамыз. Өйткені, біздің еліміздің ең қымбат қазынасы - адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы.
Біз қуанышта да, қайғыда да біргеміз.

Жаратқан ие марқұмдарға - иман, тірілерге береке берсін!

Жамандықты амандық қана жеңеді. Ашық аспанымызды енді ешқашан қара бұлт торламасын!

Дархан МЫҢБАЙ,
Мәжіліс депутаты





Join Telegram