Балабақшаға орын: 31 тамызға дейін не істеу керек?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарда 2025-2026 оқу жылына топтарды жинақтау қалай жүргізілетінін хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарда 2025-2026 оқу жылына топтарды жинақтау қалай жүргізілетінін хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz.

Балаларды қабылдау 31 тамызға дейін жүргізіледі.

Ваучерлер қашаннан бастап бөлінеді?

Ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілген өңірлерде ваучерлерді бөлу кезек жаңартылғаннан кейін, нақтырақ айтқанда, 1 шілдеден бастап жүзеге асады.

Бұл Тараз, Түркістан, Шымкент, Орал, Астана, Семей, Өскемен, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Қонаев, Қосшы, Талдықорған қалаларына, сондай-ақ Байзақ, Сарыағаш, Жетісай, Сайрам, Қазығұрт және Мақтаарал аудандарына қатысты.

Қалған өңірлерде жас ерекшеліктері бойынша топтар жинақтау 1 тамыздан басталады.

Ваучер алу үшін не істеу керек?

Ваучер алу үшін қажет:

  • Келісімді 2 жұмыс күні ішінде растау керек.
  • Ваучер расталмаған жағдайда өтініш белсенді емес болып есептеледі, ал ата-ана немесе заңды өкіл оны 28 күнтізбелік күн ішінде тек бір рет қайта қалпына келтіре алады.
  • Балабақшаны таңдап, құжаттарды жинап, келісімшартты 5 жұмыс күні ішінде рәсімдеу қажет.
  • Егер ваучерден бас тартса, кезек жойылады.
  • Егер қалаған балабақшада бос орын болмаса, ата-ана баланы "күту парағына" қоя алады.
  • Бос орын пайда болған жағдайда жеке кабинетке жаңа хабарлама жіберіледі.

"Ата-анаға жолдаманы растауға немесе одан бас тартуға 2 күн беріледі. Егер жолдама расталса, 5 жұмыс күні ішінде құжаттарды тапсырып, келісімшарт жасайды. Қажет болған жағдайда жолдаманы 30 күнтізбелік күнге дейін бір рет ұзартуға болады.

Егер құжаттардың толық пакеті ұсынылмаса, мерзімі өтіп кеткен болса немесе екпе алмаған балалар саны рұқсат етілген мөлшерден асып кетсе, балабақша құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқылы. Құжаттарды алдын ала тексеріп, жеке кабинеттегі хабарламаларды қадағалап отыру қажет екені ескертіледі".

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.92  course up  603.08  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer