31 желтоқсан 2024 | 12:44

Жаңа жылға арналған дастарханда тамақтан уланып қалмаудың жолдары қандай?

Midjourney

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық және эпидемиалогиялық бақылау комитеті өкілдері Жаңа жылға арналған дастарханда тамақтан уланып қалмаудың жолдарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық және эпидемиалогиялық бақылау комитеті өкілдері Жаңа жылға арналған дастарханда тамақтан уланып қалмаудың жолдарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Азық-түлікті сатып алуда:

  • Өнімдерді сатып аларда оның жарамдылық мерзіміне, құрамы мен сақтау шарттарына назар аударыңыз;
  • Азық түлікті тек рұқсат етілген сауда орындарынан алыңыз.
  • Тамақты интернет арқылы сатып алу ұсынылмайды. Себебі оның қандай жағдайда жасалғаны белгісіз және өндірушілерде өнім сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжат болмауы мүмкін.

Тағамды әзірлеу және сақтау

  • Торт пен бәліштерді тоңазытқышта сақтаңыз;
  • Піскен тамақтар мен шикі өнімдерді сақтауға бірге қоймаңыз;
  • Майонез қосылған тіскебасарларды тоңазытқышта бір тәуліктен артық ұстамаңыз;
  • Тез бұзылатын өнімдерді бөлме температурасында сақтамаңыз. 
Реклама
Реклама
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная