16 қаңтар 2024 11:08

"Жасылға өтуге болмайды". Сарапшылар жаяу жүргіншілерге арналған жаңа ережені бағалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Көлік құралдары саласының сарапшылары жүргізушілердің қиылыста маневр жасау кезіндегі басымдығы туралы ережеге түзету енгізу туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көлік құралдары саласының сарапшылары жүргізушілердің қиылыста маневр жасау кезіндегі басымдығы туралы ережеге түзету енгізу туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы ережелеріне өзгертулер енгізуді ұсынған болатын. Оған сәйкес бағдаршамның немесе жол диспетчерінің рұқсат беретін (жасыл) сигналы жанған кезде жаяу жүргінші қиылыс арқылы бұрын басталған қозғалысты аяқтау үшін келе жатқан көліктерге жол береді. 

Тәуелсіз автомобиль одағының төрағасы Эдуард Эдоков автокөлік жүргізушісі болғанына және жаңа ережелер оларға қосымша артықшылық беретініне қарамастан, жаяу жүргіншілер жағына шығатынын айтты. Өйткені, оның айтуынша, жолдарда жүргізушілер қиылысты үнемі соңғы сәтте, тіпті "жасыл" жыпылықтап, "қызыл" жанғанда да асығыс кесіп өтеді.

"Менің ойымша, автокөлік жүргізушілеріне ерік берсек, олар жаяу жүргіншілерге мүлдем жол бермейді. Мен ережелерді сол күйінде қалдыруды қолдаймын, яғни қиылыста жаяу жүргіншіге басымдық беру. Бұрылу кезінде мен жаяу жүргіншілерді асықтырмай өткізіп жіберуге тырысамын, содан кейін маневрді аяқтаймын. Қаланың кейбір жерлерінде бағдаршамдар жаяу жүргіншілер үшін небәрі 20 секунд жанып тұрады. Қиылыста тұрған барлық машина маневрді аяқтағанша, жаяу жүргіншіде тек 10 секунд немесе одан да аз уақыт қалады, ол жолды кесіп өтуге үлгермейді.

Кей қиылыстарда, әрине, интервал одан ұзағырақ, кей жерде жаяу жүргіншілерге арналған сигнал 70 секунд жанып тұрады, сол жерде көліктер бұрылыс маневрін аяқтаса болады, бірақ "жасыл" тіптен аз жанатын бұрылыстар бар. Бұл төрт жолақты кең жолды кесіп өту үшін, әсіресе қарт адамдар мен балалар үшін аз болады. Менің ойымша, жолдарымыз қазірдің өзінде автокөлік жүргізушілері үшін көптеген артықшылықтарға ие және бәрін сол күйінде қалдыруымыз керек", - деді Эдуард Эдоков.

Бұл ретте автосарапшы жаяу жүргіншілердің қолданыстағы жол қозғалысы ережелеріне жауапкершілігіне көбірек көңіл бөлу қажет екенін айтты. Оның айтуынша, жүргізуші сағатына 40 немесе 50 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатқанда жаяу жүргіншінің күтпеген жерден жолға шығып кетуі сирек емес. Мұндай жағдайда соқтығысудан қашу өте қиын, ал жаяу жүргінші жарақат алған немесе қайтыс болған жағдайда жүргізуші жауапты болады. Кейбіреулер Әл-Фараби даңғылы сияқты көлік көп әрі жылдамдықпен жүретін тасжолдарды да кесіп өтеді. Олар жол апатына себепші болады. Бұл жағдайды бақылау және жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің қауіпсіздігін арттыру үшін тәртіп сақшылары, Эдоковтың пікірінше, тәртіпбұзушыларды жиі жауапқа тартып, мұндай жағдай жиі болатын жерлерде кезекшілікте болуы керек.

Сарапшы барлығы жол қозғалысына қатысушылар арасындағы өзара сыйластыққа құрылуы керек екенін айтты. Заңдарды тек жүргізушілердің немесе жаяу жүргіншілердің пайдасына шеше беруге болмайды, дейді ол.

Урбанист және көлік қауіпсіздігі жөніндегі маман Роман Барабанов бұл түзетуді әзірлеушілер қазіргі уақытта Қазақстан қалаларында "жасыл" сигнал интервалы қандай, жолдың орташа ені қанша, жаяу жүргіншілер өткелдерінде немесе қиылыстарында қанша қауіпсіз орын бар екені туралы толық талдауды ұсынбағанын атап өтті. Қазіргі уақытта жаяу жүргіншілер үшін жағдайдың қаншалықты қауіпсіз екені туралы объектив деректер жоқ, бірақ жаяу жүргіншілерге басымдық беретін ережеге түзетулер енгізіліп жатыр.

"Қазіргі кездегі нақты жағдайларды (сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығын: шалшық, мұз, тайғақ) ескере отырып, жаяу жүргіншілер жүргізушілерге жол беріп, жолдан жасыл бағдаршамға өтіп үлгермейді және "қызыл" сигнал жанғанда маневрін аяқтайды немесе келесі "жасыл" жанғанша жолдың ортасында күтеді. Бұл ретте жылдамдығы орташа жаяу жүргіншіге қарағанда жылдамдығы төмен (мүгедектер арбасын пайдаланатын адамдар, балалары бар ата-аналар, үлкен сөмкелері немесе багажы бар қала тұрғындары) топтарға ерекше қиындықтар туындауы мүмкін", - деді Роман Барабанов.

Оның айтуынша, егер жаяу жүргінші рұқсат беру сигналына жолдан өтіп үлгермей, "қызыл" жанғанда жолды кесіп өтсе, көліктер легі қозғала бастағанда қауіпті жағдай туындауы мүмкін. Сонымен қатар, жүргізушілер бұрын басқа жүргізушілерге жол беремін деп, үлгермей қалған жаяу жүргіншілерге жол беруге мәжбүр болады

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети