Сенат депутаттары "Мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға түзетулерді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаңа түзетулерге сәйкес "Баланың құқықтары туралы" заңға "тәлімгерлік ұйымы" ұғымы енгізіледі.
"Баланың құқықтары туралы" заңға "тәлімгерлік ұйымы" ұғымы енгізіліп, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік институтын реттеу үшін тәлімгер болуға үміткер тұлғалардың тәлімгерлік бойынша оқудан өтуі міндетті болып белгіленеді. Сондай-ақ тәлімгерлік бойынша оқу ұйымдастыратын ұйымдардың құқықтары мен міндеттері айқындалады", – деді Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп.