17 маусым 2024 09:45

Қазақстанда екінші жартыжылдықта шәкіртақы қалай өседі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Екінші жартыжылдықтан бастап қазақстандық студенттер жаңа шәкіртақы алады. Олар қаншаға көтеріледі? Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.


Екінші жартыжылдықтан бастап қазақстандық студенттер жаңа шәкіртақы алады. Олар қаншаға көтеріледі? Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында, биылғы 1 қыркүйектен бастап шәкіртақыны ұлғайту жоспарланғаны айтылған:

  • бакалаврларға – 20 пайызға (41 898 теңгеден 47 135 теңгеге, педагогика ғылымдары – 67 200 теңгеден 75 600 теңгеге дейін);
  • магистранттар мен докторанттарға – 15 пайызға (тиісінше 97 024 теңгеден 107 061 теңгеге,
  • докторанттарға – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін).

Бұрын қабылданған 2021-2025 жылдарға арналған жол картасына сәйкес, осы кезеңде шәкіртақы екі есеге өседі. Бұл ретте есептеулерде негізгі шәкіртақы ретінде 2020 жылғы шәкіртақы сомасы алынады. Мәселен, бакалаврлар үшін бұл сома 26 186 теңге болып, жыл сайын 20 пайызға артып отырады.

"Ұқсас есептеу механизмі Денсаулық сақтау министрлігі мен Назарбаев Университетінің шәкіртақысын қоспағанда, магистратурада да, докторантурада да қолданылады", - деп түсіндірді комитетте.

Жол картасын жүзеге асыру үшін Үкімет қаулысының жобасы әзірленген, ол қазір қаралып жатыр. Құжатқа сәйкес, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап шәкіртақылар ұлғайтылады:

  • оқытудың педагогикалық бағыттары мен "денсаулық сақтау" бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 41 898 теңгеден 47 135 теңгеге дейін;
  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқытудың педагогикалық бағыттарында оқитын студенттерге – 67 200 теңгеден 75 600 теңгеге дейін;
  • жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында "денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша оқитын студенттерге – 67 200 теңгеден 75 600 теңгеге дейін;
  • интерндерге – 75 890 теңгеден 85 376 теңгеге дейін;
  • магистранттарға – 97 024 теңгеден 107 061 теңгеге дейін;
  • докторанттар – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін;
  • "Денсаулық сақтау" мамандығы бойынша докторанттарға – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін;
  • резидент дәрігерлер мен магистранттарды "Денсаулық сақтау" мамандығы бойынша оқыту – 111 579 теңгеден 123 122 теңгеге дейін.

Комитет мәліметінше, биылғы бюджетте шәкіртақыны ұлғайту үшін қаражат толығымен жоспарланған. Көбейту есебінен 180 мыңнан астам студенттің табысы артады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети