Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру жүйесіне өзгеріс енгізіледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Мемлекеттік корпорация жүргізуші куәлігіне теориялық емтихан тапсыру жүйесіне өзгерістер енгізіп жатыр. Енді жүргізуші куәлігіне үміткерлер екі факторлы аутентификациядан өтеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік корпорация жүргізуші куәлігіне теориялық емтихан тапсыру жүйесіне өзгерістер енгізіп жатыр. Енді жүргізуші куәлігіне үміткерлер екі факторлы аутентификациядан өтеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Екі факторлы аутентификация – қолданушының екі түрлі әдіспен өзін-өзі растау тәсілі: біріншісі – СМС хабарламаның көмегімен, екіншісі – биометриялық сәйкестендіру арқылы.

Қызмет алушыға тестен өтпес бұрын 1414 нөмірінен жеке деректерге қатысты сұрау салу туралы хабарлама келеді. Айта кету керек, SMS қолданушының Электрондық үкімет порталының жеке кабинетіне тіркелген телефон нөміріне жіберіледі.

Сәтті авторизациядан кейін қызмет алушы биометриялық сәйкестендіруден өтеді.

"Алаяқтар күн сайын алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап тауып жатыр. Осы орайда біздің қызметкерлеріміз де заңбұзушылықтарды анықтау үшін үлкен жұмыстар атқарады. Сонымен қатар Мемлекеттік корпорация қызмет көрсетудің сапасын жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Ендігі кезекте, екі факторлы аутентификацияны енгізу емтихандағы бұзушылықтардың санын азайтуға көмектеседі деп сенемін. Сәйкесінше, қызмет алушының деректері де сенімді қорғалады", – деді Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кетейік, жаңа бастама әзірге 11 қазаннан бастап Астана қаласында енгізіледі. Ал еліміздің мамандандырылған ХҚКО-да екі факторлы аутентификацияны жыл соңына дейін енгізу жоспарланған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.69  course up  612.05  course up  6.75  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer