Қазақстандықтар жеке деректерін кім “таратқанын“ тексере алады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Жеке деректер тарап кеткені туралы ақпараттан кейін қазақстандықтар цифрлық қауіпсіздік мәселесіне алаңдай бастады. Желі қолданушылары жеке тәжірибесін, лайфхактарын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жеке деректер тарап кеткені туралы ақпараттан кейін қазақстандықтар цифрлық қауіпсіздік мәселесіне алаңдай бастады. Желі қолданушылары жеке тәжірибесін, лайфхактарын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгіме eGov Mobile қосымшасында қолжетімді, жақында ғана іске қосылған Nomad Guard қызметі туралы болып отыр.

"eGov жүйесіндегі Nomad Guard-ті көрдіңіздер ме? Сол жақтан жеке деректеріңізді кім және қашан таратқанын көруге болады екен. Менің жағдайымда тамақ жеткізу қызметі және спорттық тауарлар дүкені болған", - деп жазды қолданушылардың бірі әлеуметтік желіде.

Nomad Guard-ты қалай қолдануға болады?

Бұл қызмет деректеріңіз қай сайттар немесе платформалар арқылы тарап кеткенін, күнін және тараған ақпарат тізімін көрсетеді. 

Nomad Guard-ты қолдану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасында тіркелу;
  • "Басқа қызметтер" бөліміне өту;
  • Nomad Guard қызметін таңдап, "Тексеру" түймесін басу;
  • Сілтемені енгізу немесе тарап кеткен деректерді таңдау;
  • Нәтижені білу үшін "Менің тексерістерім" бөліміне өту қажет.

Қандай жағдай болды?

Еске салайық, бұған дейін 16 миллионнан аса жазба ашық тарап кеткені, бұл ел халқының басым бөлігін қамтитыны хабарланды.

Тұрғындардың мынадай жеке мәліметтері тарап кеткен: тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, туған күні, ЖСН, мекен-жайы, тұрғылықты жері, телефон нөмірлері (ұялы, үй, жұмыс телефондары), азаматтығы, ұлты және тағы басқалары.

Tengrinews
Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Астанада ірі өрт шықты
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.5  course up  611.91  course up  6.59  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer