Кондиционер астында ұйықтау қауіпті ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кондиционер астында ұйықтау қауіпті ме? Фото: ru.freepik.com

Дәрігер Станислав Ионов "Известия"-ға кондиционер астында ұйықтаудың қаупі жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігер Станислав Ионов "Известия"-ға кондиционер астында ұйықтаудың қаупі жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Кондиционер астында ұйықтайтын адамдарда ауырып қалу қаупі бар. Бұл немен байланысты? Адам денесінің температурасы тәулік бойы циркадты ырғақтармен, "күн-түн" биологиялық ырғақтарымен реттеледі. Оған қоса, күндіз ол бұлшықет және ақыл-ой жүктемесінің есебінен жоғары болады. Ал ұйқы кезінде ол шамамен бір градусқа түседі. Егер бөлмедегі ауа температурасын +15, +17, тіпті, +19 градусқа дейін салқындаса, жылу беру күшейеді. Дене температурасы қосымша түседі. Ал ол салқын тиюге және басқа да жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін. Адам таңертең тұрғанда жөтеліп және мұрны бітеліп тұруы мүмкін", - дейді ол.

Профессордың айтуынша, ауырып қалмас үшін кондиционер баптауын дұрыстап реттеу керек. 

"Ғимарат ішіндегі қолайлы температура - +20...+22 градус. Кондиционерді осылай қою керек. Бұл жағынан вентилятор қауіпсіздеу. Себебі ол ауа температурасын түсірмейді, ауа ағынын түрлендіру арқылы денені суытады", - дейді Ионов. 

Тұмауратып қалуға әкелетін тағы бір қателік - кондиионерлерді кереуеттің айналасына (үстіне немесе қарама-қарсы) ораналстыру. 

"Олай жасамаңыз, себебі ауаның тіке ағыны жылу беруді арттырады және суық тиюге әкелуі мүмкін. Жатын бөлмедегі кондиционерді кереуеттен алыс қойған жөн", - дейді маман.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети