11 қыркүйек 2024 | 09:06

Күдікті зат табылғаны туралы хабарлаған қазақстандықтарға қандай қауіп бар?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Изображение сгенерировано при помощи нейросети Midjourney Изображение сгенерировано при помощи нейросети Midjourney

Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындардан табылған күдікті заттар туралы хабарлаған қазақстандықтарға қандай қауіп бар деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындардан табылған күдікті заттар туралы хабарлаған қазақстандықтарға қандай қауіп бар деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, адамдардың күдікті мінез-құлқы туралы дерек немесе қоғамдық орындарда табылған күдікті заттар туралы хабарлағаны үшін жауапкершілік жоқ.

"Бұл ақпарат жалған емес, өйткені өтініш беруші белгілі бір жерде орналасқан затты тапқанын хабарлады. Барлық осындай деректер бойынша полиция кезекші нарядты, инспекторларды, қызметтік-іздестіру иттері бар кинологтарды және жарылыс-техникалық топты жібереді. Аталған қызметкерлер заттарды тексереді және олардың иелерін белгілейді", - деп хабарлады ІІМ Tengrinews.kz редакциясының ресми сұрауына жауап ретінде.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады. 2023 жылы полиция осындай 420 жағдайды тіркеді. Биылғы 8 айда төтенше жағдайлар қызметіне 320 хабарлама түскен. Өз кезегінде қоғамдық орындардан табылған күдікті заттар бойынша статистика жүргізілмейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 484.48   531.35   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети