Мобильді аударымдарды тексеру: бұл неге қажет және Ұлттық банк не дейді?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарды тексеру бойынша қосымша ережелерді қабылдауға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұған дейін Қазақстанда мобильді аударымдардың жалпы сомасы 255 мың теңгеден басталса, тексерілетіні хабарланған болатын.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарды тексеру бойынша қосымша ережелерді қабылдауға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұған дейін Қазақстанда мобильді аударымдардың жалпы сомасы 255 мың теңгеден басталса, тексерілетіні хабарланған болатын.

Комитетте бұл түзетудің неліктен енгізілгені түсіндірілді. 

Жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеудің Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерліктен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен (ЕТЖ) асатын мөлшерде жылдық табысы бар жеке тұлғалар жатады. Қазір ең төмен жалақы - 85 мың теңге.

"Осылайша, егер жеке тұлғаның жеке кәсіпкерліктен бір жыл ішінде жылдық табысы 12 еселенген ЕТЖ-дан кем болса, оның жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар. Осыған байланысты "Бір жеке тұлғаның банктік шотқа жалпы сомасы 3 ЕТЖ-ден асатын қатарынан үш ай ішінде ай сайын 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан ақша қаражатын алуы" өлшемшартының мынадай редакциясы қаралады. Бұл ұсыныстар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен келісу сатысында", - деп хабарлады ҚР ҚМ МКК Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына.

МКК мобильді аударымдарды тексеру жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталғанын түсіндірді, өйткені көптеген кәсіпкер "кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке шоттарға тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін ақы алады".

"Салық кодексінің 24-бабының 23-тармағына сәйкес жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан табыс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен келісім бойынша белгілейді. Осыған байланысты егер ҚР ҚМ ұсыныстары қолдау таппаса, өзгерістер енгізілмейтінін хабарлаймыз", - деп хабарлады МКК.

Ал Ұлттық банк Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына мобильді аударымдар тікелей бақылауға жатпайтынын мәлімдеді.

"Заңнама кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалар арасындағы аударымдарға шектеу қоймайды. Мұндай аударымдар қызмет көрсететін банктердің шарттары шеңберінде кедергісіз жасалады. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметпен байланысты операциялардың өлшемшарттарын айқындау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бастамасы, ол пысықталып жатыр және ол бойынша түпкілікті шешім қабылданбады", - деп мәлімдеді Ұлттық банк.

Еске салайық, бұған дейін Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдардың жалпы сомасы 255 мың теңгеден асса бақылауға алынатынын хабарлаған болатын. Бұл ретте комитет тексеру критерийлері өзгертілуі мүмкін екенін атап өтті. Бүгінде түзету Ұлттық банктің келісімінде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.01  course up  530.45  course up  5.23  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer