Біз шикізатқа бай ел болғандықтан сырттан инвестиция көп келеді, өзіміз де қаржы тартып жатырмыз. Ал инвестиция құрамына қарасақ, бұрындары, негізінен, шикізат саласына, әсіресе мұнай, тау-кен саласына көбірек инвестиция салынатын. Соңғы төрт жылдан бері өңдеу өндірісіне бет ала бастадық. Аңғарсақ, біздегі ірі кәсіпорындар өз алдына шағын кәсіпорындардың да басым бөлігі Ресеймен бірігіп отыр.