Соғысқа барған, бірақ ол туралы айтпаған: ұрпақтары ардагердің ерлігі туралы 75 жылдан кейін білді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Хамит Үскеновтің отбасылық мұрағатынан Хамит Үскеновтің отбасылық мұрағатынан

Қарағандыда жылдар өткен соң майдангер Хамит Үскеновтің ерлігі жайлы ақиқат ашылды. Оның балалары мен немерелері бір шайқаста оның басқаруындағы миномет взводы ондаған неміс басқыншысын жойғанын білді. Tengrinews.kz тілшілері Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ардагерлер туралы әңгімелеуді жалғастырады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда жылдар өткен соң майдангер Хамит Үскеновтің ерлігі жайлы ақиқат ашылды. Оның балалары мен немерелері бір шайқаста оның басқаруындағы миномет взводы ондаған неміс басқыншысын жойғанын білді. Tengrinews.kz тілшілері Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ардагерлер туралы әңгімелеуді жалғастырады.

Майдангер Хамит Үскеновтің ұрпағы оның ерлігі жайлы тек 75 жылдан кейін, батырдың өзі өмірден өткен соң білген. Балалары мен немерелері лейтенант Үскенов басқарған миномет взводы бір күннің ішінде 35-ке жуық неміс солдатын қатардан шығарғанын анықтады.

1941 жылдың маусымы – көптеген мектеп бітірушілер үшін ересек өмірге бастау болды.

Соғыс басталған сәтте-ақ бүкіл Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен жастар жеңіске деген сеніммен майданға аттанды.

Хамит Үскеновтің отбасылық мұрағатынан 

Солардың бірі – Қарағанды облысы Шет ауданының тумасы, 18 жастағы Хамит Үскенов еді. Ол орта мектепті енді бітіре сала Қызыл Армия қатарына өз еркімен жазылды.

Хамит Үскенов Шет аудандық әскери комиссариаты арқылы шақырылып, Қызылхолм жаяу әскер училищесіне жіберілді. Онда жедел әскери дайындықтан өтіп, лейтенант атағын алған соң, бірден Қиыр Шығысқа, Приморск өлкесіне аттанды. Ол 274-атқыштар дивизиясының 961-атқыштар полкінің құрамына кірді.

Үскенов миномет взводының командирі болып тағайындалды. Дивизия Арбат шығанағы арқылы Азов теңізіне жетіп, Волгаға дейін жол салып, кейін Беларусь пен Польшаның жерлерін азат ету үшін ұрыстарға қатысты. Жауынгерлер жүздеген елді мекен мен қаланы азат етуге атсалысты.

"Әкеміздің ерлігі жайлы біз тек архив құжаттарынан білдік. Ол бұл тақырыпта аса ашылып сөйлеген емес. Сөйтсек, ол миномет взводын басқарған екен. 1944 жылдың 20 шілдесінде таңғы сағат 4:30-да оның взводы 961-полктің құрамында Батыс Буг өзенін Казимеждің оңтүстігіндегі Кладнево маңында кесіп өтіп, Польша аумағына енеді. Таңғы сағат 10:00-де Скригичиннің солтүстігіне қарай екі шақырым жерде үш траншеяны иеленіп, фашистерге төтеп берген", – деп еске алады майдангердің ұлы Мұрат Үскенов.

Ардагердің туған-туыстарының айтуынша, Батыс Буг өзенін кесіп өту кезінде Хамит Үскеновтің миномет взводы ерекше көзге түскен. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен лейтенант Үскенов неміс басқыншыларымен күресте жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындағаны және көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.

"1944 жылдың 20 шілдесінде әкемнің взводы Люблин воеводствосындағы Батыс Буг өзенінен сәтті өтіп, жау шебінде шеп құрып, жаудың қарсы шабуылдарын тойтаруға дайындалды. Сол күні немістер төрт мәрте күш басымдығымен шабуыл жасады, алайда біздің траншеяларға жетпей жатып, әкемнің взводының миномет оғына ұшырап, кейін шегінуге мәжбүр болды. Тек сол бір күннің өзінде әкемнің взводы 35 фашисті қатардан шығарды", – деп толықтырды ұлы.

Лейтенант Хамит Үскенов қызмет еткен 274-атқыштар дивизиясының жауынгерлік жолы 1945 жылғы мамырдың аяғына дейін жалғасты. Берлиннің оңтүстік-шығысындағы қоршаудағы фашистік топты жою кезіндегі сәтті шабуылдары үшін 961, 963 және 965-полктар Суворов орденінің III дәрежесімен марапатталған.

Соғыстан кейін көп ұзамай бұл дивизия таратылып, Ярцев атындағы Қызыл Ту орденді, Суворов орденінің II дәрежелі дивизиясы атанды. Ал 961-атқыштар полкі Бранденбург Қызыл Ту орденді, Суворов орденінің III дәрежелі полкі атағын алды.

Хамит Үскеновтің майданнан нақты қай жылы оралғаны белгісіз. Алайда туыстарының айтуынша, ол ауыр жарақат алып, соның салдарынан қайтарылған.

"Соғыстан кейін әкем Шет аудандық Орталық банктің меңгеруші орынбасары, кейін уақытша меңгеруші болып жұмыс істеді. Содан кейін үйленіп, сегіз бала сүйді. Кейінірек Алтынсарин атындағы орта мектепте бастапқы әскери дайындық пәнінен мұғалім болды. 60-жылдардың ортасында аудандық мәдениет үйінде бас есепші болып қызмет етті. 1969 жылдың 11 желтоқсанында, 46 жасында ауыр жарақат салдарынан өмірден өтті. Қысқа ғұмырында бізге көп нәрсе үйретті: мейірімділікке, қарапайымдылық пен табандылыққа баулыды. Соның арқасында біз ештеңеден қорықпай, ар-ұятпен өмір сүруді үйрендік", – деп еске алады ұлы Мурат Үскенов.

Хамит Үскенов көзі тірісінде соғыс туралы естеліктерімен бөлісуді аса ұнатпаған. Туыстарының айтуынша, ол естеліктер тым ауыр және қайғылы болған болуы мүмкін – көз алдында қаншама қаруластары мен майдандас достары қаза тапқан.

Хамит Үскеновтің отбасылық мұрағатынан 

Жасөспірімдік армандар мен соғыстың шынайы бейнесі мүлде екі түрлі еді. Сондықтан оның ерлігі жайлы ұрпақтары тек кейінірек біле алды.

"Қызыл Жұлдыз орденінен бөлек, атамыз "1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" медалімен және Жеңіс күнінің алғашқы мерейтойларына арналған мерейтойлық медальдармен марапатталған. Өкінішке қарай, олардың бір бөлігі жоғалып кеткен. Ол өмірінде соғыс туралы көп айтпағандықтан, бізге архивтерден ақпарат іздеуге тура келді. Біз батыр атамызды мақтан тұтамыз және оның рухын қастерлейміз", – дейді немересі, полиция майоры Ардақ Үскенов.

Қазақстанда бүгінде Ұлы Отан соғысының небары 120 ардагері ғана қалды (2025 жылғы қаңтардағы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша).

Айта кетейік, Жеңістің 80 жылдығына орай Tengrinews.kz "Жеңімпаздар" атты ерекше мағыналы жобасын қайта жандандырды. Бұл жоба Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақстандықтар мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін есте сақтауға арналған.

Жоба 2014 жылы Tengrinews.kz негізін қалаған Батыр Қазыбаевтың бастамасымен іске қосылған. Оның мақсаты – соғыс және тыл ардагерлері туралы естеліктерді сақтау. Редакция бірнеше жыл бойы бүкіл ел мен әлемнің түкпір-түкпірінен соғысқа қатысқан ардагерлер туралы жеке оқиғалар, суреттер мен архив материалдарды жинады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.57  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer