01 қаңтар 2015 20:16

Апатқа ұшыраған AirAsia ұшағындағы қаза болғандардың бірінің аты-жөні анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Сарапшылар Индонезияда апатқа ұшыраған AirAsia ұшағында қаза болғандардың бірінің аты-жөні анықтады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Сарапшылар Индонезияда апатқа ұшыраған AirAsia ұшағында қаза болғандардың бірінің аты-жөні анықтады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Jakarta Post басылымының мәліметінше, ұшақтың құлаған жерінде табылғандардың бірінің аты-жөні Хайяти Лютфие Хамид (Hayati Lutfiah Hamid). Сарапшылар қаза болған әйелдің кім екенін саусақ іздері мен хирургиялық тігісінен анықтады. Мұнымен қатар, оның қалтасында жеке куәлігі болған.

"Құқтарушылар денені тапқанда Хайяти Лютфиннің атындағы идентификациялық карта оның қалтасына болды. Қаза болған әйелдің мойнында аты-жөнінің бірінші әріптері жазылған алқа мен білезік табылды. Әйелдің туыстары бұл заттардың Хайятидің дүниесі екенін растады", - деп мәлімдеді Сурабая қаласындағы жергілікті полицейлер баспасөз мәслихатында. Осыған дейін, қазіргі уақытқа дейін жеті адамның мәйіті табылғаны хабарланды. Оның ішінде бортсеріктер де бар. Бірқатар БАҚ-тардың мәліметіне сәйкес, табылғандардың саны сегізге жетті.

Airbus ұшағы индонезиялық Сурабая қаласынан Сингапурға 28 желтоқсанда ұшып кеткен болатын. Бір сағатқа жетпей ұшқыш қолайсыз ауа райына байланысты бағыты мен ұшу биіктігін өзгертуге рұқсат сұрайды. Ол бұлтты аймақты айналып өтуге рұқсат алады, бірақ басқа ұшақтар да ұшып жүргендіктен оған биіктікті өзгертуге тыйым салынады. Бұдан кейін лайнер алдын ала апат белгісін бермей, радар экрандарынан жоғалып кетеді. Бұл уақытта ол индонезиялық Банка-Белитунг провинциясының Танджунгпандан қаласының оңтүстік-шығысында шамамен 100 теңіз милі шақырымында болады. Ұшақ бортында 162 адам болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети