28 қыркүйек 2014 | 20:57

Жапонияда Онтакэ жанартауы төрт адамның өмірін қиды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Онтакэ жанартауы. ©itar-tass.com Онтакэ жанартауы. ©itar-tass.com

Жапония медициналық қызметінің мамандары Онтакэ вулканының атқылауы салдарынан төрт адамның қайтыс болғанын жария етті, - деп хабарлайды "Интерфакс" жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Жапония медициналық қызметінің мамандары Онтакэ вулканының атқылауы салдарынан төрт адамның қайтыс болғанын жария етті, - деп хабарлайды "Интерфакс" жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап. 

Мұның алдында құтқарушылар жанартауға жақын тау бөктерінен 30 адамды тауып алды. Олардың арасында жүрегі тоқтап қалғандар болған, бірақ қайтыс болған адамдар туралы мәлімет ресми түрде жарияланбаған еді. 

Ал батыс бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Онтакэ жанартауының атқылауынан және оның күлінің баған бойы көтерілуінен сол маңдағы 80-нен астам туристің зардап шегуі мүмкін. Айта кетейік, күз мезгілінде бұл тауға туристер көп келеді.

Онтакэ жанартауының оянуынан Токионың Нарита әуежайында бірнеше рейс кейінге қалдырылды.

Еске сала кетейік, Онтакэ жанартауы 27 қыркүйектен бері атқылай бастаған. Жергілікті халыққа жанартау маңынан төрт мың шақырым радиусқа оның күлі таралып, тау жынысы бөлшектері құлауы мүмкін екені ескертілді. Жапонияның бас метеорологиялық агенттігі бесбалдық шкала бойынша қауіптің үшінші деңгейін белгіледі. Бұл - жанартауы бар таудың етегіне жақындауға болмайды деген сөз. Онтакэ Нагоя қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 100 шақырым қашықтықта, Токиодан 200 шақырымда орналасқан. Ол соңғы рет 2007 жылы атқылады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети