Жамбыл облысындағы жер сілкінісі: жергілікті билік тұрғындарға ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысындағы жер сілкінісі: жергілікті билік тұрғындарға ескерту жасады Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жер сілкінісі тіркелген Меркі және Т.Рысқұлов аудандарындағы табиғи апат салдарын жою бойынша жедел штаб отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жиында Меркі және Т.Рысқұлов аудандарының әкімдері жағдай бойынша есеп берді. Аудандарда зардап шеккен азаматтар тіркелмеген. Нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Әкімдік мәліметінше, Меркі және Т.Рысқұлов ауданында 14 әлеуметтік нысан ішінара зардап шеккен. Оның ішінде 9 білім беру, 2 денсаулық сақтау, 1 әлеуметтік қорғау, 1 спорт және 1 мәдениет нысаны бар.

Қосымша бүлінген нысандарды анықтау, зерделеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Аудан әкімдеріне ауылдық елді мекендердегі нысандарды толық аралап, ахуалды көзбен көру, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, қажеттілігіне қарай психологиялық көмек көрсету тапсырылды.

Облыс әкімі БАҚ пен әлеуметтік желілерде шындыққа жанаспайтын жалған ақпараттар таралып жатқанына назар аударып, жамбылдықтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

"Тұрғындарды алаңдатқан нәрсе - Меркі ауданына техникалар келуі, уақытша шатырлар орнатылуы. Бұл төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған алгоритмге сәйкес жүргізіліп жатыр. Алаңдауға негіз жоқ. Бұл - тиісті мекемелердің күшейтілген режимде жұмыс істеп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған сақтық шаралары", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 28 наурызда түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.

Жер асты дүмпуінің жоғары қарқыны 5 балл болды, бұл Меркі ауданында тіркелді. Т.Рысқұлов ауданында жер сілкінісінің күші 4 балл, Тараз қаласы мен қалған аудандарда 2 балл болды.

Жер сілкінісі 15:56-да қайта сезілді.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +36
Ақтау +30
Ақтөбе +33
Атырау +35
Б
Балқаш +38
Ж
Жезқазған +34
Қ
Қарағанды +31
К
Көкшетау +26
Қ
Қостанай +37
Қызылорда +28
П
Павлодар +23
Петропавл +33
С
Семей +32
Т
Талдықорған +35
Тараз +40
Түркістан +31
О
Орал +34
Ө
Өскемен +37
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер