КХДР Оңтүстік Кореяға артиллериялық соққы туралы ескертті

31 Наурыз 2014, 10:20
0
КХДР Оңтүстік Кореяға артиллериялық соққы туралы ескертті - Солтүстік Кореяның зымыран қондырғысы Пхеньяндағы шеруде. ©REUTERS
Солтүстік Кореяның зымыран қондырғысы Пхеньяндағы шеруде. ©REUTERS

Пхеньян Оңтүстік Кореяға КХДР-дың батыс жағалауынан артиллериялық соққылар болатынын ескертті деп хабарлайды "РИА Новости"  Оңтүстік Кореяның қарулы күштеріндегі ақпарат көзіне сілтеме жасап. 

Мұндай хабарлама Солтүстік Кореяның санаулы сағаттардан соң артиллериялық қарудан оқ ататынын білдіруі мүмкін. Агенттіктің мәліметінше, КХДР билігі дүйсенбі күні астана маңына артиллерия мен әскери жасақтарды жылжытқан. Зеңбіректер мен әскери жасақтардың нақты саны жария етілген жоқ. 

Бұған дейін КХДР Сыртқы істер министрлігі жаңа ядролық сынақ жүргізу мүмкіндігін мәлімдеген болатын. "Біз ядролық тежеу күштерін нығайту мақсатында ядролық сынақтың жаңа формасын жүргізуді жоққа шығара алмаймыз", - делінген хабарламада. Бұл мәлімдеме АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығулары кезінде жасалды, Солтүстік Корея бұл жаттығуларды қауіп деп қабылдады.

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай