Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Ким Чен Ын парламент депутаты болып бірауыздан сайланды

10 Наурыз 2014, 17:48
0
Ким Чен Ын. ©РИА Новости
Ким Чен Ын. ©РИА Новости
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын парламент депутаты атанды деп хабарлайды "РБК".

Ким Чен Ын 100% дауысқа ие болған. Сайлау кеше өтіп, бүгін қорытындысы жария етілді. Жергілікті мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ким династиясы мен күллі корей халқы үшін қасиетті саналатын Пэктусан тауында халықтың сайлауға қатысуы 100%-ды құраған. Сайлаушылардың бәрі бірауыздан Ким Чен Ынға дауыс берген.

"Бұл әскери қызметшілер мен халықтың толық қолдауының және олардың жоғарғы көшбасшы Ким Чен Ынға деген терең сенімінің көрінісі", - деп хабарлады КХДР Орталық телеграф агенттігі.

Сайлау бюллетеньдерінде әр округтен бір ғана үміткер болғанын айта кету керек. Солтүстік Кореяда парламент сайлауы бұған дейін 2009 жылы өтті. Ол кезде, ресми мәлімет бойынша, сайлауға тұрғындардың 99,98%-ы қатысқан, парламентке 687 депутат сайланған болатын.

Шамамен 31 жаста делінетін Ким Чен Ын 2011 жылдың желтоқсанында әкесі Ким Чен Ир қайтыс болғаннан кейін билік тізгінін қолына алған еді. Ким Чен Ирдің үшінші ұлын солтүстіккореялықтар "Ұлы мұрагер" деп атайды. Ол ересек көріну үшін өзінің нақты туған күнін жасырады-мыс.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай