Қытайда Shenzhen Airlines әуе компаниясы рейсінің жолаушысы лайнер бортында өрт шығарып, ұшақты құлатпақ болды, - деп хабарлайды BBC жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Қытайда Shenzhen Airlines әуе компаниясы рейсінің жолаушысы лайнер бортында өрт шығарып, ұшақты құлатпақ болды, - деп хабарлайды BBC жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Оқиға 95 жолаушысы мен экипаждың тоғыз мүшесі бар бортта елдің оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласында ұшақ жерге қонар кезде болды. Белгісіз ер адам сұйықтық пен оттық арқылы өрт шығармақ болған.
Экипаж мүшелері мен басқа жолаушылар ер адамның ойын іске асырмады. Олардың екеуі жарақаттанып, ұшақ жерге қонған соң ауруханаға жеткізілді. Айта кетейік, қытайлық тасымалдаушылар басқа да әуе компаниялары сияқты ұшаққа оттық пен тез тұтанатын сұйықтық алып кіруге рұқсат етпейді. Ер адамның әуежайдан қалай өткені белгісіз.
Еске сала кетейік, Қытайда биыл ақпан айында әуе апаты болған еді. TransAsia Airways әуе компаниясының ұшағы Тайвань астанасы - Тайбэйде өзенге құлады. Апаттан екі адамның қаза тапқаны және оннан астам адамның құтқарылғаны хабарланды. Тағы да он шақты адам ұшақтың ішінде қамалып қалған. Кейбір жолаушылар ұшақтан өз бетімен шығып, жағалауға жеткен.