Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.11
EUR / KZT - 407.93
CNY / KZT - 51.61
RUB / KZT - 5.91

Оңтүстік Кореяда суға батқан кемедегі мерт болғандар саны 46 адамға жетті

20 Сәуір 2014, 09:52
0

16 сәуір күні Оңтүстік Корея жағалауында суға батқан "Севол" жолаушылар кемесінде мерт болғандар саны 46 адамға жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости дерек көзіне сілтеме жасап. Бұған дейін 36 адамның қайтыс болып, 250 жолаушының тағдыры беймәлім екендігі хабарланған.

Содан бері құтқарушылар кеменің ішіне кіре алды. Құтқару қызметінің өкілі су асты операциясы түні бойы жалғасатындығын мәлімдеді. Сарапшылардың пікірінше, суға батқан паром ауданындағы іздестіру жұмыстарының екі айға созылуы да мүмкін.

"Севол" паромы 16 сәуір күні таңертең Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батыс жағалауында суға батқан болатын. Жолаушылардың көбісі – ұстаздарымен бірге Чеджу аралына туристік сапарға шыққан мектеп оқушылары.

Бұған дейін Оңтүстік Корея Прокуратурасы паром капитанына ресми айып таққан, оның өмір бойы бас бостандығынан айырылуы ықтимал. Тергеушілер пікірі бойынша, капитан суға батып бара жатқан кемені жолаушы кейпінде ең алғашқылардың бірі болып тастап кеткен.

Сонымен қатар, кеме жолаушылары корабль суға батып бара жатқан кезде экипаж мүшелерінің адамдарды эвакуациялауға қатысты ешқандай да шара қолданбай, тек барлығын өз орындарында қалуға шақырғандары жөнінде шағымданған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай