18 сәуір 2014 10:22

Оңтүстік Кореяда суға батып кеткен кеме капитаны түрмеде бес жыл отыруы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Корея жағалауында батып кеткен "Севол" паромының капитаны бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп жазады The Chosun Ilbo газеті. 


Оңтүстік Корея жағалауында батып кеткен "Севол" паромының капитаны бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп жазады The Chosun Ilbo газеті. 

Басылымның мәліметінше, Ли Чжун Сок пен оның экипажы қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қолданыстағы заңдарға сәйкес, кеме капитаны төтенше жағдайда өзгелерді құтқару жөнінде қажетті шараларды қолға алуы керек. Бас бостандығынан айыру жазасымен бірге, капитан 20 млн вон (20 мың долларға жуық) көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

"РИА Новости"-дің мәліметінше, жолаушылар кемесінің суға батып кетуі туралы істі тергеумен айналысып жатқан сарапшылар апат кезінде су көлігін капитанның үшінші көмекшісі басқарғанын анықтады. Кемені алғашқылардың бірі болып тастап кеткен 69 жастағы Ли Чжун Сок марқұм болғандардың және із-түссіз жоғалып кеткен балалардың отбасынан кешірім сұрады. Ол апатқа не себеп болғаны, апат кезінде рульде кімнің болғаны және балаларға не себепті орындарынан қозғалмау бұйырылғаны туралы сұраққа жауап бермеді. 

Еске салайық, төтенше оқиға 16 сәуір күні таңертең Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батыс жағалауынан 20 шақырым қашықтықта болды. 164 адам құтқарылып, 300-ден астам жолаушы хабар-ошарсыз кетті. Паромда барлығы 477 адам болған. Куәгерлердің айтуынша, апатқа кеменің суасты рифіне соғылуы себеп.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети