Таиландтағы ірі өрт: 27 адам қаза тауып, 60-тан астамы зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таиландтағы ірі өрт: 27 адам қаза тауып, 60-тан астамы зардап шекті Фото: facebook / Fire & Rescue Thailand

Бангкоктағы Na Ladprao пабында жойқын өрт шығып, кем дегенде 27 адам қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК басылымына сілтеме жасап.


Басылымның жазуынша, бұл туралы Associated Press агенттігі жергілікті билік берген мәліметке сүйеніп хабарлады.

Төтенше жағдайлар қызметіне өрт туралы хабарлама түн ортасында түскен. Өртсөндірушілер тілсіз жауды жарты сағаттың ішінде ауыздықтады, өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.

Таиланд премьер-министрі Анутхин Чанвиракунның айтуынша, 27 адам мерт болып, тағы бірнеше жараланған адам ауруханаға жеткізілген. Ол көптеген мәйіт дәретханадан табылғанын нақтылады.

Ескерту: Назар аударыңыз! Видеоны 18 жасқа толмағандар мен психикасы тұрақсыз жандарға көруге кеңес берілмейді.

Сонымен қатар Reuters агенттігі билік өкілдеріне сілтеме жасап, өрт салдарынан 63 адамның зардап шеккенін хабарлады.

Чанвиракунның сөзінше, барда өнер көрсеткен музыкант сахна жанындағы ажыратқыштан түтін шыққанын көргенін айтқан. Осыдан кейін тарсыл дыбысы шығып, ғимарат ішін түтін басқан және мекемеде электр жарығы сөніп қалған.

Тағы оқыңыз: Ақтауда сауда базары өртенді

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +25
Ақтау +28
Ақтөбе +24
Атырау +28
Б
Балқаш +31
Ж
Жезқазған +25
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +25
П
Павлодар +24
Петропавл +24
С
Семей +25
Т
Талдықорған +28
Тараз +36
Түркістан +23
О
Орал +21
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер