“1,5 миллион теңгеге жүргізуші куәлігі“: Ұлытау облысында алаяқ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“1,5 миллион теңгеге жүргізуші куәлігі“: Ұлытау облысында алаяқ ұсталды Бейнеден кадрлар

Сәтбаев тұрғыны жүргізуші куәлігін алып беремін деп алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Сәтбаев тұрғыны жүргізуші куәлігін алып беремін деп алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Не болды?

Тергеу мәліметі бойынша, күдікті әлеуметтік желілер арқылы азаматтарға жүргізуші куәлігін алуға көмектесетінін айтып, қызметін ұсынған. Алайда ақша алғаннан кейін жәбірленушілермен байланысын үзген.

Полиция мәліметінше, ол куәлік алуға көмектескені үшін 300 мың теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін қаражат алған. Бүгінде 20-ға жуық жәбірленуші анықталды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция өкілдері жүргізуші куәлігін тек заңа белгіленген тәртіппен алуға болатынын еске салады: ол үшін автомектепте оқудан өтіп, емтихан тапсырып, құжаттарды ХҚКО-да рәсімдеу қажет.

Оқусыз және емтихан тапсырусыз куәлік алудың өзге жолдары заңсыз және алаяқтық әрекеттердің белгісі болуы мүмкін.

Бұл қазақстандықтардың куәлік сатып алмақ болып, ақшасынан айырылып қалған алғашқы жағдайы емес. Бұған дейін үш адамның алаяққа жоқ қызмет үшін 770 мың теңге бергенін жазған болатынбыз.

Тағы оқыңыз: Жүргізуші куәлігі бойынша нұсқаулық: қанша жастан алуға болады және автомектепте оқу міндетті ме?

TengriAuto