14 шілде 2026 12:10

Ақтөбеде жүйені алдамақ болған жүргізуші 33 айыппұл алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: depositphotos.com

Ақтөбеде полицейлер үш күн ішінде жол жүру ережесін 33 рет бұзған 22 жастағы жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Tengri Auto.

"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында патрульдік полиция қызметкерлері құқықбұзушыны анықтады.

Полиция мәліметінше, жас жігіт әкесіне тиесілі Toyota автокөлігін рұқсатсыз мініп, көлікке шетелдік мемлекеттік тіркеу нөмірін тағып, қала көшелеріне шыққан.

Жарнама
Жарнама

Жүргізуші үш күн ішінде 33 рет жол жүру ережесін бұзып үлгерген, оның басым бөлігі белгіленген жылдамдықты асырумен байланысты болды. Есептелген айыппұлдардың жалпы сомасы 1,3 миллион теңгеден асты.

Құқықбұзушыға қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды.

Полиция мемлекеттік тіркеу нөмірін ауыстыру автокөлікті фото және бейнетіркеу камераларына "көрінбейтін" етпейтінін еске салды. Сондай-ақ жүргізушілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырып, бұл ең алдымен жол қозғалысына қатысушылардың барлығының қауіпсіздігі үшін қажет екенін атап өтті.

Еске салсақ, Алматыда 11-16 шілде аралығында "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Алты күн бойы полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жайттарына ерекше назар аударады.

Тағы оқыңыз: Жетісу облысында жүргізушілер медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

Оралда жүргізуші адамды құтқарғанын дәлелдеп, жол ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлды жойғызды

Пікірлерді оқу