Қазақстанда автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: кейбірі жабылып қалуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: кейбірі жабылып қалуы мүмкін Фото:depositphotos.com

Қазақстанда автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін - олардың бір бөлігі жабылып қалу қаупі бар. Тиісті заң жобасын Парламент депутаттары әзірледі, - деп хабарлайды Tengri Auto.


Қазақстанда автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін - олардың бір бөлігі жабылып қалу қаупі бар. Тиісті заң жобасын Парламент депутаттары әзірледі, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, жол қауіпсіздігі және жүргізушілерді даярлау саласындағы кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қаралды.

Не ұсынылады?

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, бұл бастама қоғамдағы қауіпсіздікке деген сұраныс аясында туындаған.

"Бүгінде қоғамда қауіпсіздікке деген тұрақты сұраныс бар. Жолдарда, аулаларда, цифрлық ортада әрбір адам өзі қорғалғанын сезінгісі келеді", - деді ол.

Оның сөзінше, құжат саладағы жүйелі өзгерістерге бағытталған.

"Заң жобасы жүргізушілерді даярлау жүйесін жетілдіру, салада заманауи цифрлық құралдарды енгізу, цифрлық ортада адам қауіпсіздігін арттыру арқылы жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған", - деді депутат.

Автомектептер - қатаң бақылауда

Басты жаңалықтардың бірі - автомектептер қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейту болмақ.

"Көлік құралдарын жүргізуге даярлайтын оқу ұйымдарының қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейту ұсынылады", - делінген заң жобасында.

Атап айтқанда, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңға өзгерістер енгізу арқылы автомектептер қызметіне рұқсат беру тәртібі енгізіледі.

"Рұқсат алу тек материалдық-техникалық база, оқу алаңдары, көлік құралдары және білікті оқытушылар құрамы болған жағдайда ғана мүмкін болады", - деп түсіндірді Смышляева.

Автомектептер тізілімі

Сонымен қатар, рұқсат алған автомектептердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін құру ұсынылып отыр.

"Тізілім рұқсат алғаннан кейін мектептерді бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тізілімді жүргізуді Ішкі істер министрлігіне бекіту ұсынылады", - делінген құжатта.

Камералар мен цифрлық құралдар

Заң жобасында жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркейтін техникалық құралдарды пайдалану тәртібін нақтылау да қарастырылған.

"Жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтайтын және тіркейтін техникалық құралдарды пайдалану тәртібі нақтыланады", - деп толықтырды депутат.

Қабылданған шаралар жүргізушілерді даярлау саласындағы ашықтықты арттырып, жалпы Қазақстан жолдарындағы қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік береді деп күтіледі.

TengriAuto