11 қаңтар 2018 10:24

2017 жылдың ең қауіпсіз көліктерінің тізімі жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропалық тәуелсіз краш-сынақтарын өткізу ұйымы (Euro NCAP) 2017 жылдың ең қауіпсіз автомобильдерін жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Еуропалық тәуелсіз краш-сынақтарын өткізу ұйымы (Euro NCAP) 2017 жылдың ең қауіпсіз автомобильдерін жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ұйымның сайтында жеңімпаздар алты түрлі категория бойынша тағайындалған, себебі әртүрлі санаттағы көліктерге бірдей баға беру мүмкін емес. 

Рейтинг жасаған уақытта мамандар ересек жолаушылар мен балалардың қауіпсіздік деңгейін есептеген, жаяу жүргіншінің қауіпсіздігі және "белсенді қауіпсіздік" жүйесі тексерілді. 2017 жылы 70 жаңа автомобиль краш-сынақтан өтті. 

Жоғары санатта ең қауіпсіз автокөлік Volkswagen Arteon болып танылды. Ересек жолаушылар қауіпсіздігі - 96 пайыз, балалар - 85 пайыз, жаяу жүргіншілер - 85 пайыз, "белсенді қауіпсіздік" - 82 пайыз.  

"Ықшам кроссовер" санатында Volvo XC60 краш-сынақтан ең сәтті өткен автомобиль болды. Ересек жолаушылар қауіпсіздігі - 98 пайыз, балалар - 87 пайыз, жаяу жүргіншілер - 76 пайыз, "белсенді қауіпсіздік" - 95 пайыз.  

"Мини кроссовер" санатында Volkswagen T-Roc краш-сынақтан ең сәтті өткен автомобиль болды. Ересек жолаушылар қауіпсіздігі - 96 пайыз, балалар - 87 пайыз, жаяу жүргіншілер - 79 пайыз, "белсенді қауіпсіздік" - 71 пайыз.   

В-санатында - Volkswagen Polo ең қауіпсіз болып танылды. Ересек жолаушылар қауіпсіздігі - 96 пайыз, балалар - 85 пайыз, жаяу жүргіншілер - 76 пайыз, "белсенді қауіпсіздік" - 59 пайыз.   

"Компактвэн" санатында мамандар бірінші орынды Opel Crossland X автомобиліне берді. Ересек жолаушылар қауіпсіздігі - 85 пайыз, балалар - 84 пайыз, жаяу жүргіншілер - 62 пайыз, "белсенді қауіпсіздік" - 57 пайыз.  

"Отбасылық шағын автомобиль" санатында ең қауіпсіз көлік - Subaru - Impreza және XV. Ересек жолаушылар қауіпсіздігі - 94 пайыз, балалар - 89 пайыз, жаяу жүргіншілер - 82 пайыз, "белсенді қауіпсіздік" - 68 пайыз.  

Осыған дейін Euro NCAP краш-сынақтар нәтижесінде ең қауіпті көліктер тізімін жариялаған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети