12 қазан 2018 11:16

Ақтауда тұңғыш рет электрбустар жолға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі © Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақтауда алғаш рет әуежайдан қалаға дейінгі бағытта электрбустар пайдалануға берілді. Бұдан былай аталмыш бағытта қоршаған ортаға зиянсыз көлікпен жолаушылар тасымалдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтауда алғаш рет әуежайдан қалаға дейінгі бағытта электрбустар пайдалануға берілді. Бұдан былай аталмыш бағытта қоршаған ортаға зиянсыз көлікпен жолаушылар тасымалдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шараға қатысқан Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов– Бұл автокөліктердің ең басты ерекшелігі олардың "жасыл теxнологияларға" сәйкес электр қуатымен, яғни атмосфераға зиянды шығаруларсыз жұмыс істеуі. Сонымен қатар, қолданыста бұл автобустар үнемді: мысалы, дизельді отынмен қозғалатын көліктермен салыстырғанда 4 есе және газбен қозғалатын көліктермен салыстырғанда 3 есе үнемді. Осының нәтижесінде автобустардың өтелімділігі 3-4 жыл болып табылады. "СарыарқаАвтоПром" ЖШС автобустарға 2 жылдық кепілдік береді, бұл өз кезегінде қолданыстағы сенімділікті қамтамасыз етеді", - деді.

Сонымен қатар, "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының бағыттарын орындау мақсатында электр автобустары электронды билеттеу жүйесімен жабдықталған. Ақтау қаласы аталған жүйені қолдану бойынша үшінші қала. Жолаушылар енді ыңғайлы тарифтер арқылы жолақыны банктік және жолаушылық карталармен төлей алады.

"Жүйе "ақылды қала" инфрақұрылымының бөлігі және енгізілуі оңай болып табылады. Ол bpcbillet.com порталы және автобустарға орнатылған билеттерді басып шығаратын көпфункционалды валидаторлардан тұрады.
47 адамға арналған Ankai жолаушылар автобусы ауаны салқындату жүйесімен жабдықталған және қала сырты жолдарына бейімделген. Салонда 4 бейнекамера, электронды автоxабарлаушы, сондай-ақ қол жүгіне арналған сөрелер бар. Орындық арқаларына ұялы телефондар мен өзге де электр құралдарын зарядтау мақсатында USB тетіктері орналасқан. Жаңа автобустардың ең басты ерекшелігі - электр қуатымен қозғалуында, бұл экология үшін қауіпсіз және үнемді. Бір толық қуат алғаннан кейін жұмыс істеу көлемі 160 километрді құрайды. Батареяны толықтыру үшін 2,5-4 сағат мөлшеріндегі уақыт қажет.

Электр автобусының жиынтығында бірден екі электр автобусын қуат көзімен қамтамасыз ете алатын тұрақты электр қуатының тұрағы бар.

"Бұл біздің компанияның инновациялық автокөліктерді құрастыруда бірінші тәжірибесі және алдағы уақытта экологиялық таза көліктерді құрастыруға дайын. Ankai зауытының өндірістік қуаты жылына 35 мың қала іші, қала сырты, экскурсиялық, газ бен электр қуатында жүретін автобус өндіріп шығаруға жетеді. Автобустардың дәл осы жиынтығы Бесінші Каспий Саммиті делегаттарының қолдануына және кейін Ақтау қаласында әлеуметтік маңыздылығы бар бағыттар бойынша қолдану үшін жинақталды. Жаппай сұраныс болса, біздер сериялы өндіріске жіберуге дайынбыз", - деді Михаилс Кветнис.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети