02 шілде 2020 18:11

Алматы облысында Армениядан әкелінген 100-ден астам көлік уақытша тіркеуге қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Алматы облысында осы уақытқа дейін  102 көлік тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысында осы уақытқа дейін  102 көлік тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұржан Таңатаровтың айтуынша, тіркеуден өткен көлікті елімізде еш кедергісіз пайдалануға болады.

"Тұрғындарға армениялық көліктерді елімізде міндетті тіркеу қажет екені түсіндірілді. Осы уақытқа дейін Алматы облысында 102 көлік тіркеуден өтті. Шетелдік тіркеудегі көлік иелері темір тұлпарларын Қазақстанда тіркеуден өткізудің артықшылықтарын жете түсінуі тиіс. Өйткені, тіркеуден өткен көлікті елімізде еш кедергісіз пайдалануға болады",- деді ол.

Тоқаев шетелден келетін көліктерге қатысты шешім қабылдады

Ведомство өкілінің айтуынша көлікті уақытша тіркеуден өткізуге шамамен 12 мың теңге төлем жасалады. Армения елінен әкелінген көліктерді тіркеу қыркүйек айына дейін жалғасады.

"Армениялық көлік иесі атанған облыс тұрғындарын осы мүмкіндікті пайдаланып, елімізде тіркеуден өткізуге шақырамын. Көлікті тіркеуге қатысты кез келген сұрақтар бойынша Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне жүгінуге болады",- деді полиция полковнигі.

Шетелдік көлікті сатып алу алдында не білу керек?

Еске салайық, 2019 жылы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Армения, Қырғызстан және Ресейдің көліктерін бақылауға алып, уақытша тіркеуге алуды ұсынды.

Қазақстанда тіркеуден өтетін көліктерге қойылатын басты шарттарды мына жерден оқыңыз.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети