Қыстың аязы секілді жазғы аптап та автокөлік жүргізушілерін алаңдатады. Бұл кезде көлікке ерекше күтім қажет. Біз Chevrolet сарапшыларымен бірге аптап пен ыстық ауа райында көлікті қалай күту керегі бойынша топ-5 кеңес дайындадық.
Қыстың аязы секілді жазғы аптап та автокөлік жүргізушілерін алаңдатады. Бұл кезде көлікке ерекше күтім қажет. Біз Chevrolet сарапшыларымен бірге аптап пен ыстық ауа райында көлікті қалай күту керегі бойынша топ-5 кеңес дайындадық.
Сарапшылардың айтуынша, қазір көлік - барлық маусымға арналған техника. Көлікті қолдану кезінде ауа температурасы күрт көтеріліп, не күрт төмендеуі мүмкін. Бірақ +40 °C аптап ақауы жоқ көлікке қиындық тудырмайды. Соған қарамастан, бірқатар тармақты мұқият қарастыру керек.
Ақауларды жою салдарымен күресуден гөрі оның алдын алу оңай. Ыстық ауа райында желдеткішті қосу сезбектері мен термостат мінсіз жұмыс істеуі керек. Көлік жүргізбес бұрын радиатор ұяшықтарында шаң, түк секілді бөгде заттар бар-жоғын тексеріңіз. Қозғалтқыш қызып кетсе, жөндеуге көп қаражат кетеді. Ал салқындату жүйесін қайта жинау 10-20 есе арзан. Сарапшылар радиатордың тазалығына, май мен салқындатқыш сұйықтығының деңгейіне ерекше назар аударуға кеңес береді.
Заманауи автокөліктер жүргізушіге сұйықтық деңгейі төмендегенін немесе қозғалтқыш температурасы жоғарылағанын ескертеді. Мысалы, заманауи дизайны, технологиялық орнатпалары және көптеген функциясымен ерекшеленетін Chevrolet шағын кроссоверлерінде заманауи борттық компьютер бар, егер қандай да бір сұйықтық деңгейі кенеттен төмендесе, оны иесіне аспаптар панелінің түрлі-түсті экраны арқылы көрсетеді.
Аптап кезінде тежегіш жүйесіне жүктеме көп түседі, бұл үйкелістер элементтеріне - дискілер мен қалыптың қызып кетуіне әкеледі. Сонымен қатар, тежегіш сұйықтығы қайнап кетуі мүмкін. Бұған жол бермеу үшін автокөлігіңізге тек жоғары сапалы бөлшектер салыңыз және барлық сұйықтықты уақытында ауыстырыңыз.
Сарапшылар қалыптың күйін бақылап отыруға және оларды ресми қызмет көрсету орталығында ауыстыруға кеңес береді. Арзан және сапасыз қалыптар тежегіштің жұмысын нашарлатып қана қоймайды, сонымен қатар дискілерден жылуды нашар өткізеді. Дөңгелектердің қысымын да бақылап отыру маңызды, әсіресе ыстық ауа райында. Жұмыс қысымынан ауытқып кетсе, қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін.
Күн шамадан тыс көп түссе, көліктің бояуы кетуі мүмкін. Сәл ғана ластанса да (әсіресе құс саңғырығы), тез жуып жіберу керек. Әйтпесе, көліктің әр жерінің бояуы кетіп, көзге түрлі дақ түсіп тұрады.
Температураның күрт төмендеуі автокөлік шыныларын өте нәзік етеді. Алдыңғы терезеге салқын жел жібермес бұрын, көліктің ішін салқындатып алу керек. Бірнеше минуттан кейін кондиционердің толық қуатын қосуға болады. Бұл жағдайда жарықшылар мен кейін оны жөндеу сияқты жағымсыз салдардан аулақ бола аласыз.
Айтпақшы, Chevrolet модельдерінде заманауи климат-бақылау жүйесі бар, бұл салонды ең ыстық күні де тез және тиімді салқындатуға мүмкіндік береді.
Тіпті, кішкентай жарықшақтың өзі аптапта шынының шытынауына әкелуі мүмкін, әсіресе егер көлік тегіс емес жерде тұрса, шанақ қисайып, терезеге ықпал етеді. Жарықшаларды уақытлы жөндеу алдыңғы терезені толық ауыстырудан әлдеқайда арзан болады.
Жалпы, мамандар көлікті күннің астында қалдырмауға кеңес береді. Тұрақ орнына келгенде көлеңке жерді таңдаған дұрыс, егер бұл мүмкін болмаса, көлікті қорғаныс қабымен жабыңыз. Күн сәулесінің астында бір-екі сағат тұрса да, пластикалық аспалар панелінен жарықшақ шығып, "еріп" кетуі мүмкін. Күн астында тұрған көлікке қайтып келген кезде, салонды желдетіп, кондиционерді қосып, қуатты біртіндеп арттыру керек. Қысқа уақытқа болса да балаларды, қарттар мен науқастарды және үй жануарларын күн астындағы автокөлікте жауып кетпеңіз. Сонымен қатар, салонда температураға сезімтал заттар - оттықтар, аэрозольді баллондар және т.б қалдырмаңыз.
Chevrolet автокөліктерінің сипаттамалары, жинақтары мен сатып алу шарттары туралы толығырақ ақпаратты www.chevrolet-auto.kz сайтынан білуге болады.
Бұған дейін Chevrolet сарапшыларымен бірге отын шығынын азайтуға қатысты топ-5 кеңес пен автокөліктің қызмет ету мерзімін ұзарту үшін топ-7 кеңес ұсынған едік.