24 тамыз 2016 14:08

АвтоВАЗ XCode көлігінің жаңа концепциясын таныстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ren.tv © ren.tv

АвтоВАЗ мәскеулік салонда 19 автокөлікті таныстырды, оның ішінде алтауы - концепт-карлар. Биылғы басты жаңалық XCode автокөлігі болды, - деп хабарлайды "РЕН ТВ". 


АвтоВАЗ мәскеулік салонда 19 автокөлікті таныстырды, оның ішінде алтауы - концепт-карлар. Биылғы басты жаңалық XCode автокөлігі болды, - деп хабарлайды "РЕН ТВ". 

Жаңа көлікті АвтоВАЗ-дың дизайн директоры Стив Маттин таныстырды. Одан басқа, Lada Kalina Sport, Lada Granta Sport көліктерінің де таныстырылымы өтті. Жаңа модельдер 2017 жылдың екінші жартысынан шыға бастайды.

Осыған дейін "АвтоВАЗ" шығарған Lada Vesta EV электркарлары 2017 жылдан бастап сатылымға түсетіні хабарланған болатын. Жаңа Lada көлігінің сыртқы келбеті бұрынғылардан айырмашылығы айтарлықтай болмайды. Оның жаңа екенін шанақ (кузов) түсінің көгілдір болуы және арнайы эмблемасы арқылы білуге болады. Автокөлік салмағы аккумулятор блокына байланысты ауыр бола түседі. Оның салмағы 1405 келіні құрайды. Қозғалтқыштың күші - 60 киловатт, ең жоғарғы жылдамдығы сағатына - 140 шақырым. Жүз метрді 15,5 секундта жүріп өтеді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети