27 қаңтар 2020 | 18:27

ЕАЭО елдерінен келген көлік нөмірінде "18-аймақ" не үшін қажет?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев неліктен ЕАЭО елдерінен әкелінген автомобильдер мен Қазақстанда уақытша тіркелген көліктер ерекше мемнөмір алатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев неліктен ЕАЭО елдерінен әкелінген автомобильдер мен Қазақстанда уақытша тіркелген көліктер ерекше мемнөмір алатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Сары нөмірлер мен 18-аймақ деп белгілеу арқылы осы көліктерді жалпыдан бөліп, көзбе-көз бақылап, есеп жүргізуді көздеп отырмыз. Көлік құралын мемлекеттік нөмірін жекеленген серия арқылы бөлу жағдайды жеңілдетеді. Бұл бақылауға септігін тигізеді", - деді Қожаев ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, осы көліктерді ІІМ мәліметтер базасына тіркеу арқылы Қазақстанда қанша көлік жүргенін анықтауға мүмкіндік береді. 

"Егер бір жыл ішінде азамат қандайда бір себептермен тіркемеген жағдайда, ол көлігін елден шығаратын болып шешсе тіркеу есебінен алып тастамаймыз. Шектеу болмайды. Ол сары нөмір мен техникалық құжатын шешіп, өткізуге құқылы. Оған оның ескі нөмірін қайтарып береді, осылайша ол көлігін елден шығара алады. Алайда Қазақстанда 2021 жылдың 1 наурызынан бастап мұндай көліктер жүре алмайды", - деді Қожаев. 

ЕАЭО елдерінен келген көліктер арнайы сары мемнөмір алады

Еске салайық, 24 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 ақпанына дейін қазақстандықтар ЕАЭО-дан елге жеткізген көліктерін бір айдың ішінде бір реттік тәртіппен жеке қолдануына уақытша тіркеуге қою мүмкіндігін беруді тапсырған болатын. Тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін жарамды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети