27 қаңтар 2020 17:09

ЕАЭО елдерінен келген көліктер арнайы сары мемнөмір алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда уақытша тіркелген, ЕАЭО елдерінен әкелінген автомобильдер 18 саны бар арнайы сары мемлекеттік нөмір алады. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанда уақытша тіркелген, ЕАЭО елдерінен әкелінген автомобильдер 18 саны бар арнайы сары мемлекеттік нөмір алады. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Уақытша тіркеу үшін мына құжаттарды ұсыну қажет: жеке куәлік, бұрынғы мемлекеттік немесе транзиттік нөмір белгілері, тіркеу туралы куәлік, меншік құқығын растайтын құжаттар, сондай-ақ бастапқы тіркеу үшін төлем туралы түбіртек, мемлекеттік нөмір дайындағаны үшін баж және техпаспортты дайындағаны үшін баж. Сондай-ақ, жыл бойы кейінге қалдыра отырып, кәдеге жарату алымы мен кедендік баж салығын төлеу мүмкіндігі пайда болды", - деп хабарлады Қожаев ОКҚ брифингінде.

"Бұл автомобильдерге арнайы серия мен түрдің мемлекеттік нөмірі беріледі, ал техпаспортқа аталған көлікті тіркеу шарттары туралы тиісті белгі енгізіледі. ІІМ сары фонда нөмір үлгісін шығарды. 18 цифры. Сонымен қатар, техпаспортта 2021 жылдың 1 наурызына дейін әрекет ету күні көрсетіледі", - деді ол.

"Егер азаматқа мұндай мүмкіндік берілсе және ол 2021 жылдың 1 наурызына дейін төлемесе, кешіріңіз, оның құжаттары 1 наурызда аяқталады. Оның мемлекеттік нөмірі заңсыз болады. Әрине, полиция шектеу шараларын қабылдайды", - деді ол.

Еске салайық, 24 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 ақпанына дейін қазақстандықтар ЕАЭО-дан елге жеткізген көліктерін бір айдың ішінде бір реттік тәртіппен жеке қолдануына уақытша тіркеуге қою мүмкіндігін беруді тапсырған болатын. Тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін жарамды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети