Елімізде автомобиль өндіру саласында жұмыс орындарының саны 2 мыңға жетті

10 Шілде, 13:26
0
Елімізде автомобиль өндіру саласында жұмыс орындарының саны 2 мыңға жетті -

ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов 2018 жылдың қорытындысы бойынша машина жасаудағы автомобиль жасау үлесі 19,2 пайыз құрағанын жеткізді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 205,9 миллиард теңгені және 32 298 көлік құралын құрады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Автомобиль жасау Қазақстандағы машина жасаудың жаңа саласы болып табылады. Ұлттық автомобиль құрастыруды дамыту экономиканың басқа салаларына мультипликативті әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, мәселен, қазір осы сектордағы жұмыс орындарының саны шамамен 2 мың адамға жетті, ал өнеркәсіптің аралас салаларындағы жұмыс орындарының саны 7 мың адамға жетеді", - деді Аманияз Ержанов.

Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 114,7 миллиард теңге сомасына 16 921 бірлік көлік құралдары өндірілді. Жеңіл автомобильдер өндірісі 41,5 пайызға (11 118-ден 15 733 бірлікке дейін), автобустар 3,2 есеге (126-ден 404 бірлікке дейін), жүк автомобильдері 35 пайызға (367-ден 495 бірлікке дейін) және тіркемелер мен жартылай тіркемелер 35 пайыз-ға (200-ден 270 бірлікке дейін) өсті.

Бүгінгі күні республика аумағында "СарыарқаАвтоПром" ЖШС, "Азия Авто" АҚ, "КАМАЗ-Инжиниринг" АҚ, "Hyundai Trans Auto" ЖШС және т. б. сияқты жеңіл және жүк автомобильдерінің ірі өндірушілері жұмыс істейді. JAC, Ravon, IVECO, GM, Skoda, Peugeot, Kia, Hyundai, Daewoo, Renault - Nissan - АВТОВАЗ сияқты әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастық саласында жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде, Қазақстанда автокөлік құралдарының барлық түрлерін құрастыру бойынша өндіріс құрылды.

"Автомобиль жасау өндірісінің өсуінің себебі нарықтағы сұранысты қалпына келтіру, экспорттық нарықтардың ашылуы (2018 жылы 329 көлік экспортталды, 2019 жылдың 5 айында 524 авто), сондай-ақ мемлекет тарапынан жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы және автобус паркін жаңарту бағдарламасы шеңберінде автобустарды лизингпен өткізу болып табылады, мұның барлығы автомобиль жасау секторының дамуына оң әсерін тигізді", - деп мәлімдеді Аманияз Ержанов.

Жалпы, мемлекет 2015 жылдан бастап жеңілдетілген автокредиттеу және лизингтік қаржыландыру бағдарламасын іске қосу басталғанда 50 миллиард теңге бөлді, оның ішінде 10 миллиард теңге көлеміндегі соңғы транш 2018 жылдың мамыр айында бөлінген. Бөлінген қаражат толық көлемде игерілді және бүгінгі күні қаражатты екінші рет игеру жүргізілуде, яғни бағдарлама жалғасуда. 

Револьверлік игеруді ескере отырып, бүгінгі күні 76 миллиард теңге сомасына 15 мың бірліктен астам көлік құралдары сатылды. Жыл сайын айналымдағы 8-9 миллиард теңгеге жуық қаржы шамамен 1 500 бірлік техникаға есептелген.

2018 жылы отандық өндірушілерді қолдау аясында автобустарды лизингке өткізу бағдарламасы іске қосылды. Республикалық бюджеттен 13 миллиард теңге бөлінді, оның 10 миллиард теңгесі - автобустарға. Ақша 7 пайыз-дан аспайтын қолжетімді мөлшерлеме бойынша 50/50 ара қатынасында нарықтық қорландырумен микширлеуді есепке ала отырып сатылады.

2019 жылдың 1 маусымына 13,3 миллиард теңге игерілді, Атырау, Семей, Шымкент, Павлодар қалаларында автобус паркін жаңарту бойынша 4 жоба қаржыландырылды және 571 бірлік автобус сатылды. Осы бағдарлама аясында 2019 жылы республикалық бюджеттен 23,5 миллиард теңге бөлінді.

"Автомобиль өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін қосымша жобаларды іске қосу арқылы ірі сериялы өндіріске ден қою маңызды. Автомобильдердің ірі сериялы өндірісіне шығу Қазақстан аумағында жеке автокомпоненттік база құруға ықпал ететін болады. Осы жылдың сәуір айында ҚР ИИДМ мен РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігі арасында өндірістік кооперацияны дамыту саласында бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қабылданды, оның шеңберінде КАМАЗ маркалы АТС-тың техникасы мен компоненттерін өндіру, Hyundai маркалы машиналар мен олардың компоненттерін өндіру, "Азия Авто Қазақстан" АҚ толық циклді автозауыт салу бойынша жобалар көзделген. Егер автомобиль өнеркәсібіндегі жаһандық жағдай туралы айтатын болсақ, әлемде біз бірқатар өзгерістерді байқап келеміз. Әлемдік трендтердің бірі қоршаған ортаны қорғау мақсатында экологиялық таза машиналар өндіру, бірінші кезекте электромобильдерді өндіру болып табылады", - деп атап өтті вице-министр.

Ол Қазақстан әлемдік трендтерге сәйкес келуге тырысатынын, сондықтан ҚР-да электромобильдер өндірісі жоспарланып отырғанын атап өтті. Осылайша, бүгінде автомобиль жасау секторындағы отандық кәсіпорындар электромобильдерді жасау процесін егжей-тегжейлі зерттеумен айналысуда. Осы тренд аясында Қазақстанда жаңа автокөлік түрлерінің алғашқы үлгілері сынақтан өтті. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай