Ең арзан Tesla автомобилі нарыққа екі жылдан кейін шығады

03 Қыркүйек 2015, 09:56
0
Ең арзан Tesla автомобилі нарыққа екі жылдан кейін шығады - © Trendymen.ru
© Trendymen.ru

Ең арзан Tesla автомобилі нарыққа екі жылдан кейін шығады, - деп хабарлайды "Газета.Ru" Tesla Motors компаниясының басшысы Илона Масканың Twitter парақшасына сілтеме жасап.

Компания басшысының айтуынша, бұл автомобильдерге арналған литий-ионды аккумулятор шығаратын Невададағы Gigafactory зауытының толық қарқында жұмыс істеуге көшуімен байланысты. Жаңа марканың бағасы 35 мың доллар шамасында, бұл бұрынғы Model S-тен екі еседей арзан.

Сонымен қатар, Фримонт зауытында жасалған Tesla X алғашқы электрлік кроссовері 29 қыркүйекте сатылымға шығарылатыны хабарланды. Компания басшысы Twitter парақшасында Tesla Motors компаниясының инновациялық жаңа автомобилі көлемінің үлкендігі мен конструкциясының күрделі болуына байланысты Model S седанынан 5 пайызға қымбат болатынын жазды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай