26 қазан 2019 11:59

Германияда әуе таксиі іске қосылады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германия қоғамдық көліктің жаңа түрін іске қоспақ. Жақында елде электрлі әуе таксиі пайда болады, - деп хабарлайды Аstana TV.


Германия қоғамдық көліктің жаңа түрін іске қоспақ. Жақында елде электрлі әуе таксиі пайда болады, - деп хабарлайды Аstana TV.

Неміс стартаперлері сағатына 100 шақырымға дейінгі жылдамдықты еңсеріп қана қоймай, тігінен ұшып, жерге қона алатын 5 түрлі автомобильді сынақтан сәтті өткізді. Енді елде келесі жылы аэротакси қызметі іске қосылмақ. Машина жолаушыларды қысқа уақытта тасымалдайды. Такси бағасы қолжетімді болады. Мамандардың пікірінше, жаңа транспорт- әуежайды қажет етпейді. Ол жұмыртқа формасында жасалған. Қанаттары 36 электр қозғалтқышымен жабдықталыпты. Өндірушілер 2025 жылы мұндай транспорттың түріне сұраныс артады деп болжап отыр.

"Бізде тікұшақ сияқты ұшатын ұшақтар бар. Бірақ ол тік ұшып барып, артынан көлденең ұша алады. Бұл аэроғарыш саласының ең үлкен проблемаларының бірі еді. Біз енді мықты жылдамдықта ұшатын жаңа транспорт түрін нарыққа алып келдік", - дейді Lilium атқарушы директоры Дэниел Виганд.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети