05 қараша 2018 09:19

Илон Маск Лос-Анджелестегі жерасты тоннелінің видеосын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Маск Twitter желісінде Лос-Анджелесте қала астынан өтетін шапшаң тоннельдің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Маск Twitter желісінде Лос-Анджелесте қала астынан өтетін шапшаң тоннельдің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәсіпкердің айтуынша, ол өз басы тоннель бойымен жүріп өтіп, бағалап көрген. 

"Лос-Анджелес астымен өтетін Boring тоннелінің бойымен бүгін кеште жүріп өттім. Өте ұзақ", - деп жазды ол.

Еске салайық, Маск бұрғылау компаниясын (The Boring Company "жалықтыратын компания" деп аударуға болады) 2016 жылы ашқан. 

Маск 2017 жылы бұл концепцияны таныстырған кезінде автомобильдердің тоннельдегі арнайы платформалармен қозғалатынын айтып берген еді. Айтуынша, көшеде тұрған көлікті құрылғы өзі-ақ жер астына алып кетеді екен. Электр тартылысымен жұмыс істейтін платформа сағатына 200 шақырым жылдамдық асыра алады және көлікті Вествудтен (Лос-Анджелестің шеті) қала орталығына 5 минутта жеткізеді.

Айта кетейік, The Boring Company компаниясы Лос-Анджелестің астында мұндай тоннельді 2017 жылдың басында сала бастаған, сәуірде құрылыс орнының суреттері пайда болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети