05 мамыр 2014 15:46

Қазақстан, Ресей мен Беларусь машина жасау саласы бойынша бір келісімге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©news.rambler.ru ©news.rambler.ru

Машина жасау бойынша атқарылатын жұмыстардың 30 пайызы жергілікті жерде жасалса, ортақ нарыққа шығуға рұқсат бар. Олай болмаса, кәсіпорындар өз көліктерін тек ішкі нарықта ғана сата алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рауға сілтеме жасап. 

"Бізде (Кедендік одақ елдерінде - авт.) автомобильдерді құрастыруға қатысты бір өзекті мәселе болған. Соңғы рет Минскіде ол мәселе бойынша нақты келісімге келдік. Былай болатын болды. Ортақ нарыққа локализациясы (жергілікті материалдардан жиналған - авт.) 30 пайыздан асатын көліктер ғана шығарылады. Оның ішіне дәнекерлеу мен шанақты бояу жұмыстары да кіреді. Ал сол көрсеткіштен төмен болса, онда машиналарды тек өз нарығыңда ғана сата аласың. Айтпақшы, 2018 жылы шілденің 1-інен бастап локализацияның деңгейі 50 пайызға дейін көтерілетін болады", - деді А.Рау бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі норманың арқасында машина жасау саласындағы отандық кәсіпорындар өз үлестерін, яғни жергілікті локализацияны ұлғайтады деген сенім бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети