13 мамыр 2015 11:03

Қазақстанда жеңіл автокөліктердің саны 4,5 миллионға жетіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© autokost.kz © autokost.kz

Қазақстанда жеңіл көліктердің саны 4,5 миллионға жетіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап. 


Қазақстанда жеңіл көліктердің саны 4,5 миллионға жетіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап. 

Комитеттің мәліметінше, республика бойынша 2015 жылдың бірінші тоқсанында 229 631 жеңіл автомобиль тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылдағы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 86,1 пайызға жоғары. Сөйтіп, 2015 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қолда бар жеңіл автокөліктің саны 4 327,8 мың бірлікке жетті.

2015 жылы қаңтар-наурызда тіркелген жеңіл автокөліктер саны жағынан Алматы қаласы бірінші орында тұр, мұнда барлығы 27 348 көлік тіркелген. Екінші орында - Оңтүстік Қазақстан облысы, мұндағы көрсеткіш 25 941-ге тең. Ал үшінші орында - Алматы облысы, мұнда барлығы 24 168 жеңіл автомобиль тіркеліпті. Көшбасындағы бестікте елордамыз да бар, үш айдың ішінде Астанада тіркелген көліктердің саны - 19 412, ал бесінші орында - Қарағанды облысы, мұндағы көрсеткіш - 15 536.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети