20 шілде 2020 17:00

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Біздің отандық автоларды несиеге беру туралы алдыңғы мақалаларымызға оқырмандар қарыз беруге байланысты бірнеше сұрақ қойды. Бүгін біз бағдарлама қалай жұмыс істейтінін және неліктен автонесие - жаңа автокөліктің иесі болудың тиімді жолы екенін түсіндіреміз.


Біздің отандық автоларды несиеге беру туралы алдыңғы мақалаларымызға оқырмандар қарыз беруге байланысты бірнеше сұрақ қойды. Бүгін біз бағдарлама қалай жұмыс істейтінін және неліктен автонесие - жаңа автокөліктің иесі болудың тиімді жолы екенін түсіндіреміз.

Егер екінші деңгейдегі банк сайттарындағы бөлімдегі автонесиелендірудің "қарапайым" жолын қарасақ, пайыз мөлшерлемесі анағұрлым шашыраңқы екенін байқауға болады. Орташа мөлшері 17-23 пайыз, бұл тұтыну несиелері бойынша мөлшерлемелерге сәйкес келеді және артық төлем айтарлықтай көп болады деген сөз.

Автонесиелеуге мөлшерлемелермен жағдайды тұрақтандыру және отандық автомобильдерді сатуды ынталандыру үшін Қазақстанның даму банкі 2015 жылы жеңілдікті автонесиелеудің мемлекеттік бағдарламасын іске қосты, онда сыйақының номинал мөлшерін 4 пайыз деңгейінде белгіледі. Бұл жағдайда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 7,5 пайыздан аспауы тиіс. Бұл айырмашылыққа, әдетте, сақтандыру, комиссиялар және басқа да ілеспе төлемдер кіреді. Несиелеудің ең ұзақ мерзімі 7 жыл, бастапқы жарна - 10-30 пайыз аралығында, ал автомобиль құны 15 миллион теңгеден аспайды.

Нарық сарапшыларының мәліметінше, алғашқы екі жылда Қазақстанда өндірілетін автокөліктердің үштен бірі жеңілдігі бар автонесие беру бағдарламасы бойынша іске асырылған. Бұл отандық автоөнеркәсіптің дамуына, сондай-ақ қазақстандық автопарктің орта жасын төмендетуге серпін берді. Бүгінде бағдарлама бойынша отандық зауыттарда өндірілетін 40-тан аса модель сатып алуға болады.

Көктемде 2020 жылғы тізімді қостанайлық "СарыарқаАвтопром" зауытында өндірілетін Chevrolet автокөліктері толықтырды. 2020 жылғы 2 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның Даму Банкі жалпы құны 62 миллиард теңге болатын 14 176 өтінімді мақұлдады. Бағдарлама басталғаннан бері қаржы институты жалпы сомасы 82 миллиард теңгеге алты траншты өткізді.

Әлеуетті қарыз алушы білуі тиіс бірнеше нюанс бар.

Екінші деңгейдегі банктен кәдімгі несие алғандағыдай әлеуетті қарыз алушы өзінің төлем қабілетін дәлелдеуі қажет. Тұрақты зейнетақы аударымдары, басқа несие бойынша қарызы болмауы керек - бұл өтінім қабылдайтын кезде қарастырылатын минимум. Бірқатар банк бастапқы жарна сомасы бойынша қосымша талаптар қояды - орта есеппен 10-нан 20 пайызға дейін. Бірақ кейбір банкте несие алу мүмкіндігі бар, тіпті бастапқы жарнасыз - мұнда қарыз алушы жеңілдікті автонесиелеу бағдарламасының барлық қатысушысының ұсыныстарын зерделеуі қажет. Бірақ есіңізде болсын, бірінші кезеңде неғұрлым көп қаржы салсаңыз, несие бойынша артық төлем соғұрлым аз болады.

Автокөлік алғысы келетіндер тап болатын тағы бір жағдай - кішкене күте тұру. Бұған несие беру тәртібі себеп болады. Қазақстанның даму банкі екінші деңгейлі банктерге бірдей мөлшерде бекітілген транш бөледі. Несиеге өтініш берген кезде банктер берілген траншты игеріп қойған болуы мүмкін және келесі траншты, я болмаса жаңартпалы қаржыландыру принциптеріне сәйкес банктен бос қаржының шығарылғанын күте тұруға тура келеді. Заемшылардың несиені өтеу ретінде төлейтін ақысы келесі несиелер үшін айналып жүреді - бұл клиенттерге қысқа уақыт ішінде несие алуға мүмкіндік береді.

Жеңілдетілген автонесиенің маңызды шарттарына тағы қысқаша тоқталамыз:

  • Қазақстанда шығарылған автокөлік болуы керек;
  • Автосалоннан сатып алу керек;
  • Заем валютасы - теңге;
  • Несие мерзімі - 7 жылға дейін;
  • Сатып алатын көліктің жоғары бағасы – 15 миллион теңге;
  • Алғашқы жарна – көлік бағасының 10-нан 20 пайызға дейінгі мөлшері;
  • Несие бойынша атаулы сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4 пайыздан көп емес;
  • Жылдық тиімді мөлшерлемесі жылына 7,5 пайыздан аспауы тиіс.

Қазақстанда шығарылатын Chevrolet көліктері жеңілдетілген несие бағдарламасының барлық шартына сай келеді. Жайлы, үнемді және қолжетімді көлікті таңдайтындар құны 3 990 000 теңгеден бастайтын старт жиынтықтағы Chevrolet Cobalt алуға болады. Chevrolet Malibu бизнес-седан көлігі (9 990 000 теңгеден бастап) тиімді бағасымен спорт динамикасы және жан-жақты қамтылғаны үшін қазақстандықтардың жүрегін жаулады. Ал жол талғамайтын, қозғалтқышының көлемі 3,6 литр және 279 ат күшіне тең қуаты бар Chevrolet Trailblazer (14 990 000 теңгеден бастап) белсенді демалыс және қала сыртына жиі шығатындардың сүйікті көлігіне айналды. Chevrolet Tracker де қалыспайды. Бұл ышқам кроссовер өз класындағы көліктердің қасында тиімділігімен ерекшеленіп қана қоймай, өте үнемді төрт цилиндрі бар қозғалтқыштың көлемі 1,8 литр болғандықтан 100 шақырымға 7,9 литр жанармай шығындайды. Жаңа Chеvrolet Tracker кроссовердің бағасы - 7 790 000 теңге және ол да жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қолжетімді.

Несие алу - қазақстандықтар үшін үйреншікті болған мақсатқа тез қол жеткізу инструменті. Онда тұрған ештеңе жоқ, пайызын артық төлеу мен комиссияның уақыты артта қалды, ал пайымдау мен бірнеше ай бұрын шығынды жоспарлау қазақстандық нарықта ең тиімді шарттар арқылы өзіңе ұнаған көлікті алуға көмектеседі.

Ал Қазақстанда шығарылатын және заманауи, сенімді көліктің барлық стандартына сай келетін Chevrolet автокөліктері болашығыңыз үшін тиімді салым бола алады.

Chevrolet көлігін мысал ретінде ала отырып, несие сомасын және ай сайынғы төлемді несие калькуляторы арқылы есептеп көріңіз.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети