08 сәуір 2019 10:25

Қазақстанда отандық автокөлік өндірісі айтарлықтай артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа автокөліктерді сатып алып жатқан он қазақстандықтың алтауы отандық өндірушіні таңдайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Еnergyprom.kz зерттеуіне сілтеме жасап. 


Жаңа автокөліктерді сатып алып жатқан он қазақстандықтың алтауы отандық өндірушіні таңдайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Еnergyprom.kz зерттеуіне сілтеме жасап. 

Жыл басынан бері бастапқы екі айда қазақстандық автоөндірушілер 5,6 мың көлік құрастырып шығарған. Бұл бір жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 34,6 пайызға көп. 

 

Биыл қаңтар қорытындысы бойынша жеңіл көлік сегментінде қазақстандық өндірістің үлесі 50,6-дан 61,2 пайызға дейін артты. Тиісінше импорт үлесі азайды: бір жылда 49,4-тен 38,8 пайызға қысқарды. 

"КазАвтоПром" одағында биыл екі айдың қорытындысы бойынша қазақстандық құрастырылған жеңіл көліктер арасында сұранысқа ие бестігі аталды: Lada (2 260 авто), Hyundai (1 469 авто), KIA (602 авто), Chevrolet (126 авто) және Skoda (102 авто). Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалар тізіміне сондай-ақ JAC (54 авто), UAZ (21 авто) және Peugeot (жеті) бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети